Дем алу және дем шығару мысалында нейрогуморальді реттеу механизмі. Жүйке және гуморальды реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Дем алу және дем шығару механизмі.

     Дем алу процесінде кеуде арттан алға қарай, екі бүйірге және жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. Арттан алға қарай және екі бүйірге кеуденің ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиырылуынан қабырғалар мен төс сүйектің көтерілуі нәтижесінде орындалады. Ал жоғарыдан төмен қарай ұлғаюы дем алу кезінде көкеттің жиырылып, оның іш қуысына қарай 3-4 см. төмен түскендігінен болады.     Көкеттің 1 см-ге төмен түсуі көкірек қуысынан 250-300 мл-ге үлкейтеді, олай болса дем алу кезіндегі оның 3-4 см-ге төмен түсуі оны 1000 мл. шамасына үлкейтеді екен.      Көкет төмен түскенде ол іш қуысындағы органдарды қысатын болғандықтан, дем алу кезінде іште үлкейеді. Көкірек клеткасының кеңеюі нәтижесінде, оның қабырғалары да жылдам созылатындықтан, өкпе де үлкейеді. Созылған өкпедегі альвеолдық қысым атмосфералық қысымнан гөрі төмен түседі. Ал көкірек қуысы сыртқы ортамен тек ауа жүретін жолдары арқылы өкпеге түседі.

Осы айтып отырған жағдайды Дондерстің моделі арқылы түсінуге болады. Ол үшін резеңке шардың үш данасы, пластмасса бөтелке, екі дана түтік жіне ермексаз керек болады. Шөлмектің аузы тығынмен жабылған. Тығын арқылы шыны түтік өтеді. Ал шыны түтіктің төменгі жағына да резеңке шарды орнату арқылы, көкеттің функциясына салуға болады. Шарды төмен тарту арқылы тыныс алу мен тыныс шығару механизмінің процестерін бақауға болады. Сөтіп шөлмек герметикалық жабық, сыртқы ортамен қатынаспайды.Тек ондағы өкпе ғана түтік арқылы атмосфералық ауамен жалғасады.Осы шөлмектің резина жарғағын тартсақ, оның көлемі үлкейеді де, ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан төмен болады.     Атмосфералық қысыммен шөлмектегі қысымның арасындағы айырмашылық арқасында ауа шөлмекке түсуге ұмтылады. Бірақ ауамен тек шөлмек ішіндегі өкпе ғана қатынаса алғандықтан, ауа өкпеге түсіп, оны созады. Егер шөлмек түбіндегі резинаны қоя берсек, ол өзінің бұрынғы қалпына келеді де, шөлмектің аумағы кішірейеді, ондағы қысым артады, өкпе қысылып, ондағы ауа ығыстырылып сыртқа шығарылады. Сөйтіп, бұл модель арқылы ауаның өкпеге түсуі көкірек қуысының ұлғаюының нәтижесі болып табылатын пассивті акт деген ойға келуге болады.

Дем шығырудың механизмі.

      Кәдімгі дем шығару кезінде дем алуды қамтамассыз еткен еттер босайды. Көкірек клеткасы өзінің ауырлығының нәтижесінде бұрынғы қалпына келеді. Диафрагма көкірек қуысына қарай жоғары көтеріледі. Көкірек клеткасының, олай болса, өкпенің көлемі кішірейеді, альвеолдардағы қысым көбейеді, нәтижесінде дем алу кезінде өкпеге түскен ауа сыртқа шығарылыды.      Күшті дем шығару кезінде іш пресі де қатысады. Бұл кезде іш қабырғалары жиырылып іш органдарын қысады, ал іш органдары диафрагманы қысады,ол жоғары көтеріле түседі де , сыртқа шығарылатын ауа көлемін көбейтеді. Жалпы алғанда, диафрагма қозғалысы өкпе вентиляциясының 70-80%-ін қамтамасыз етеді.      Қалыпты тыныс алуда көкірек клеткасының кеңуі негізінен қабырғалар көтерілуінің есебінен жүрсе, мұны тыныс алудың қабырғалық типі деп атайды. Бұл жағдайда диафрагманың жылжуы белгілі дәрежеде пассивті түрде, көкірек қуысындағы қысым өзгерісіне байланысты жүреді. Тыныс алудың келесі типін құрсақтық деп атайды. Бұл жағдайда диафрагма күшті жиырылады да, құрсақ қуысындағы органдар қысылып, орындарынан жылжиды. Осыдан дем алу кезінде іш қампиып кетеді.  Плевралық кеңістіктегі теріс қысым және оның маңызы.  Бізге өкпенің герметикалық жабылған көкірек қуысында жататыны мәлім. Осы өкпенің сыртқы қабатың висцеральдық плевра қабаты деп атайды. Ал көкірек клеткасының өкпеге қараған ішкі бетін, диафрагманың көкірек клеткасына қараған бетін жауып жататын қабатты плевраның париетальдық қабаты деп атайды. Плевраның бұл екі қабатының арасында өте тар кеңістік болады да, оны ұйыма сұйықтығы толтырып жатады.Бұл кеңістікте ауа болмайды және ол атмосфералық ауамен еш қатынаспайды.

     Көкірек қуысында көптеген органдар жатады. Онда өңештің бір бөлігі, жүрек, кіші қан айналу жолының барлық сосудтары, ортаның шыға берістегі бөлігі, жоғарғы қуыс вена және төменгі қуыс венаның жоғарғы бөлігі т.б бар. Туберкулез кезінде өкпе қозғалысын баяулату үшін плевралық кеңістікке белгілі мөлшер қажет.Тыныс алу кезінде өкпедегі ауаның жаңарып отыруын өкпе вентиляциясы дейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу