Дем алу және дем шығару мысалында нейрогуморальді реттеу механизмі. Жүйке және гуморальды реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар 9.2C Координация және реттелу, биофизика | Мектебі: | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Оқушының аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: | қатысқандар: | қатыспағаны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
| |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | - дем алу және дем шығару мысалында нейрогуморальді реттеу механизмі нейрогуморольдік реттелу механизмін түсіндіру. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Пәндік лексика және терминология көкет, қабырға, қысым, көлем, сыртқы қабырғааралық бұлшықет,ішкі қабырғааралық бұлшықет, кеуде, омыртқа Көкет бұлшықетінің жиырылуына қарай көкет ... , Қабырғааралық бұлшық еттер босаңсыған кезде, қабырғалар төмен түседі және ауа … Кеуде қуысының көлемі ұлғайған кезде, қысым... Ауа жоғары қысымды аймақтан .... орын ауыстырады | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, ынтымақтастық, академиялық адалдық, үздіксіз оқу. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі– тілдік дағдыны дамыту Физика – жүйке импульсінің өтуі | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпарат іздеу | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жүйке жүйесінің типтері, жүйке жүйесінің функциялары және оның құрылымдық компоненттері-7 сынып Ағзаны қалпына келтіру, өмір сүру және демалу үшін ұйқының маңызы -7 сынып. Таяқшалар мен құтышалардың, түкше жасушаларының құрылымы және олардың функциялары-8 сынып. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы- 8 сынып. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру сәті Ой шақыру кезеңі "Өмір-бұл жану" - бұл сөздер 18 ғасырдың француз ғалымы А. Лавуазьеге тиесілі. Бұл сөздің тыныс алу процесіне қандай қатысы бар екенін түсіндіріңіз? - Органикалық қосылыстардың тотығуы үшін не қажет? деген сұрақтарды қоя отырып, мұғалім оқушылардың жақын арадағы даму аймағын анықтау үшін оқушыларды ойлауға, ойлануға үндейді. Қорытынды: біз энергия алу үшін дем аламыз. Осылайша, оттегі-ағзаның тіршілік көзі. - Оттегі жасушаға қалай түседі? - Оттегі қанға қалай енеді? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Кіріспе сөз Мұғалім: Бүгін сабақта тыныс алудың реттелуі қалай болатынын қарастырамыз. Кері байланыс: мұғалім– оқушы. | Презентация | ||||||||||||||||||||||||
10 мин 5 мин | Мұғалімнің түсіндіруі: Жүйкелік реттелу
Тыныс алу орталықтарының жұмысына жүйке жүйесіне сәйкес орналасқан жоғары орталықтар да әсер етеді. Олардың қызметінің арқасында тыныс алу ырғағын саналы түрде өзгертуге болады. Тыныс алу қарқындылығы адамның физикалық жүктемелері мен эмоциялық жағдайына байланысты өзгереді . Тыныс алудың гуморальді реттелуі Қарқынды бұлшық ет жұмысында көмірқышқыл газының көп мөлшері өндіріледі. Оларда қаныққан қан сопақша миға түседі, онда жүйке импульстерінің пайда болуына әкеледі,нәтижесінде адам терең тыныс ала бастайды. Жаңа туған нәрестенің қанында көмірқышқыл газының концентрациясының артуы және оның сопақша мида тітіркендіргіш әсері бірінші дем алуға әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясы төмендеген кезде тыныс алу орталығының жұмысы төмендейді. Жүйкелік және гуморалдық реттелудің арқасында қандағы оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясы кез келген жағдайда белгілі бір деңгейде болады. Оқушыларға бейне-ролик көрсету: Тынысалудың реттелу Мұғалім оқушылардан бейне материал жайында түсініктерін мынадай сұрақтарды қою арқылы жақын арадағы даму аймағын арттырады: -Сопақша мидың тыны салу орталығына қандай маңызы бар деп ойлайсыздар? -Жас нәресте өмірі үшін қаншалықты тыныс алудың алғашқы кезеңі маңыздырақ? (Ж)Бейне материалдан соң, мәтінмен жұмыс. Оқушылар жеке жұмыс жасайды және кестені толтырады. (Ж) Жұппен кесте толтыру: Жүйкелік және гуморольдік реттелуді салыстыру Бағалау критерийлері: -Сөйлем нақты әрі түсінікті толықтырылуы; -Реттелу түрлерін нақты ажырата білуі; -Уақытты тиімді қолдану;
Өзара тексеру. Жұптар кестелерін ауыстырады, тексереді, толықтырады, түзейді. Кері байланыс:оқушы – оқушы. | Қосымша Видео Тыныс алудың реттелуі https://interneturok.ru/lesson/biology/8-klass/btema-6-dyhanieb/regulyatsiya-dyhaniya | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин |
А) Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі: 1 топ – Жүйкелік реттелу. 2 топ – Гуморалдік реттелу. Ә) Топтың таныстыру критерийлерін талқылау немесе құру (міндетті түрде критерийлерге реттеу механизмі, жылдамдығы, бағыты, эволюциялық жасы, үдерістің үнемділігі сияқты тармақтарды енгізу). Б) Әрбір топ интернет-ресурстарды немесе оқулықтарды пайдалана отырып, әзірленген критерийлерге сәйкес постер немесе презентация дайындау тапсырмасын алады; 4. Презентацияны не постерді қорғау (Әр топ үшін 5 минут). Өзара бағалау | https://learningapps.org/5640456 Приложение. 2 Тыныс алудың реттелуі http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/3e1d1e78-1a04-11dd-bd0b-0800200c9a66/index.htm 8 бөлім. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия өткізеді: - не білдім, не үйрендім - не түсініксіз болды - немен жұмыс істеу қажет | |||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 2 мин | Өкпенің моделін жасау | |||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
| Қалыптастырушы бағалау | Жұмыстың белсенді түрі | ||||||||||||||||||||||||
Сабаққа рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар неніүйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі мезеті ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде сынып пен жекелеген оқушылар туралы не білдім, келесі сабаққа дайындалуға не көмектеседі? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?