Рефлекс және рефлекторлық доға. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Рефлекс және рефлекс доғасы

Рефлекс (латынша «reflexus» – жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.

Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады.

Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы);

2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);

3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);

4) қозғалтқыш нейрондар;

5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу