Мінез құлық. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Шартты және шартсыз рефлекстер
Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты: шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстер организмнің тіршілігінде үлкен орын алады. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқым қуалаушылық факторларға негізделеді. Шартсыз рефлекстер: Жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б Күрделі рефлекстер өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстердің мұндай түрін түйсік (инстинкт) деп атайды.
Түйсікті сезім – мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады.
Мінез-құлық деп организмнің ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерте алу қабілетінен жауап игеруін айтады.
Күрделі шартсыз рефлекстерге организмнің тітіркендіргішке жауап реакцияларынан басқа, шартсыз –шартты жүйелер қатысады. Мысалы, күрделі шартсыз рефлектерге тамақтану , қорғаныш, жыныстық бағдарлау рефлекстер жатады. Бағдарлау рефлексінің маңызы ерекше. Шартсыз рефлекс организмнің бүтіндігін сақтайды және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бейімделудің күрделі түрі тек шартты рефлекстер адамның туған күнінен бастап , оның өмірінің соңына дейін пайда бола береді.
Шартты рефлекстер жеке ағзаның тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес. Шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты, біртіндеп жасалады. Шартты рефлекс - бұл организм өмір бойы үйренетін және рецепторды әсерінен пайда болатын жауап немесе реакция. Шартты рефлекс мидың жоғарғы бөлімдерімен байланысты, ал шартсыз рефлекстердің доғасы мидың түрлі төменгі бөлімдері арқылы да өте алады. Жоғары сатыда ұйымдасқан, үлкен жарты шарлар қыртысы бар жанураларда шартты рефлекстер жасалу үшін мидың осы бөлімінің болуы міндетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?