Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит,Бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Зәр шығару жүйесінің аурулары
№ | Аурулар | Себептері | Белгілері | Алдын алу / емдеу |
1 | Пиелонефрит – бүйрек паренхимасына зақым тигізетін қабыну процесі | Ауруды қоздырушы Escherichia, Proteus, Staphylococcus, Enterococcus және т.б. бактериялар. Оның екі түрі болады: (несеп жолдары бойынша), (бактерияның қан ағымы арқылы басқа ауру ошағына ауысуы) | Ұзақ мерзімді аурудың белгілері бірнеше сағат көлемінде байқалады. Қалтырау, дене температурасының 38-39°С –қа көтерілуі. Кейіннен жамбас бөлімі ауырады. Асқыну: - ауыр немесе ұзақ мерзімді бүйрек жеткіліксіздігі; Бүйректің іріңдеу процесстері (карбункул почки, абсцесс почки и др.); - сепсис. | Жеке бас гигиенасын сақтау. Жыыстық жолмен жұғатын аурулардан қорғаныңыз. Ауруды дер кезінде емдеңіз. Режим сақтаңыз, ұйқы мен демалыс үшін уақыт бөліңіз. Ішімдік пен темекіден аулақ болыңыз. |
2 | Цистит – қуықтың қабынуы | Қоздырушылар – несеп каналдары арқылы қуыққа түскен бактериялар. Жиі кездесетін Escherichia coli (ішек таяқшасы) қоздырушы болуы мүмкін. Анатомиялық құрылысына байланысты ер адамдарға қарағанда әйел адамдар осы аурумен ауруға бейім. Әйел адамдарда несеп каналы қысқа және онда инфекцияның түсуі өте жеңіл. Циститтің екінші себебі қуықтың жыныстық қатынастан кейін қабынуы болып табылады. | Үлкен адамдарда цистит кезінде жиі және қиын зәр шығарумен сипатталады. Ашыту сезімі. Несеп немесе зәпдің түсі өзгеріп, қан аралас болуы мүмкін. Белдің ауруы пайда болады. Ересек пен балаларда айқын байқалмауы мүмкін. Негізгі белгісі бас айналу, лоқсу, және іштің ауруы. | Зәрді қуықта сақтамаңыз. Босатып отырыңыз. Күніне 8 стақаннан кем емес су ішіңіз. Күніне 1 рет жуыныңыз. Денеге жабысып тұратны шалбарлар мен іш кимідерді кимеген дұрыс. Іш киімнің мақтадан жасалуы қажет. Егер цистит қайталана беретін болса, онда ваннаның орнына душқа түсуіңіз қажет. |
1 | Энурез – зәрді ұстай алмау ауруы | Негізгі себептері мыналар:
| Энурез кезінде бала қиын ұйықтап, әзер оянады. Өте терең ұйқыда болады, жаман түстер көріп, түнде жүруі де мүмкін. Энурез кезінде күндіз де ұйқылы ояу жағдайды көруге болады. Бала өте күйгелек болып, оның тәбеті өзгереді, және өте қатты сусайды. | Энурезді емдеу үшін аурудың пайда болу себебін білу ғана қажет емес. Сонымен қатар гинеколог, уролог, педиатр және невропотолг сияқты дәрігерлерге қаралған жөн. Медикаменттер арқылы емделу гормондар, антидепресанттар, андреномиметиктер мен кофеин қабылдау арқылы жүзеге асады. Статистикаға сүйенсек қысқа мерзім арасында аурулардың 25-30% ы жазылды. Медикаменттерсіз ем қабылдау кезінде психотерапия, гипнотерапия, фитотерапияны қолданады. |
2 | Уретрит – зәр шығару каналының қабырғасының қабынуы. |
| Ауру, қыжыл, ашу. Зәшығару каналынан сілемейлі-іріңді, иісі өткір, қанмен/қансыз зәрдің бөлінуі. Жиі зәр шығару. | Емдеу жолдары:
|
3 | Несептас – бүйректе, қуықта тастың жинақталуы. | Тастардың пайда болуы белгілі бір зат алмасуының бұзылғандығының көрінісі болып есептеледі. Дегенмен де осы тас түзуші себептерді екі топқа бөліп қарау керек. Бірінші, жалпы себептерге белгілі бір минералдар алмасуының бұзылуы., А витаминінің жетіспеуі, Д витаминінің мөлшерден тыс көбейіп кетуі., кермек су ішу, ауаның ыссы жәнен құрғақ болуы және т.б. кіреді. Ал жергілікті себептерге: несеп жолдарының қабынуы, несеп ағардың туа пайда болған кемістікиері, несеп шығарылуының қиындауы, несептің қышқылдылығының немесе сілтілігіні ңарып кетуі және басқаларды кіргізуге болады. Тастардың алғашқы түзілуіні екі теориясы түсіндіріп береді. Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидлты және ерімегне коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттр осы жердегі кристалдардыы бір –біріне жабысуына мүмкіндік бермей ергіен халде сақтайды. Физикалық-химиялық теория: бойынша осы тепе-теңдік бұзылғанда ғана кристалдар шөгіп тасқа айналады. Метаболизмді (фосфорлы-кальцийлі, зәр қышқылының т.б.) бұзушы факторларға зәршығару жолдарының инфекцияларын да жатқызуға болады. Фосфорлы-кальцийлі метаболизм бұзылыстары фосфат тәрізді конременттердің пайда болуына ықпал жасайды. Зәрқышқылды конкерменттердің (ураттардың) пайда болуы зәр қышқылы метаболизмінің бұзылыстары өз белоктарының ыдырауымен,алиментарлы фактор (тағамда бұршақтәрізділерде, етте болатын пуриндік негіздердің жеткіліксіздігі) (подагра кезінде) кезін.де көрініс табады. Ураттық тастардың пайда болуындағы тағы бір маңызды фактор зәрдің қышқылдылығының жоғарлауы (рН 5,5 төмен). Оксалатты тастардың пайда болуы ағзаға оксалаттардың артық мөлшерде түсуі немесе олардың организмде көп мөлшерде түзілуі жатады. | •Конкременттер мөлшері әртүрлі – тарыдай ұсақтардан бастап гольф ойынына арналған шардайға дейін. Ұсақ конкременттер зәрмен бірге ауру сезімінсіз сыртқа шығуы мүмкін. Ал мөлшері 2-3 мм болатиын конкременттер несепағар обструкциясын шақырып, оның кеңейюіне әкеліп, бүйректің табақшалы-түбекшелі жүйесін бұзып, бел аймағындағы жедел спастикалық ауырсынулармен, жүрек айнумен, құсумен, гематуриямен жүреді. •Бүйректас ауруы ұстамасыз кезеңі бірқалыпты, жүріс кезінде, селкілдегенде, ұзақ жүргенде қатаятын бел аймағының сыздап ауруымен жүреді. •Нефролитиаз симптомсыз жүріп, рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеу кезінде кездейсоқ табылуы мүмкін. Зәр анализінде микрогематурия анықтиалады. Уролитиаз кез келген жаста кездесуі мүмкін, 20-50 жас аралығында жиірік кездеседі. Несептас ауруы урологиялық бөлімге түсу себептерінің 30-40% құрайды. Уролитиаз ұзақ уақыт емделмеген жағдайда пиелит немесе пиелонефрит дамуы ықтимал. | Емдеудің бағыты тастың түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты. Бүйректің кішкентай тастары әдетте, несеппен өздігінше шығуға қабілетті. Шыққан тасты анықтау және зерттеу үшін несепті сүзу қажет. Шығатын несептің мөлшерін арттыру үшін күніне 6-8 стақан су ішу қажет. Бұл тасты шығаруға көмектеседі. Ауырсыну аса қарқынды болуы мүмкін. Ол кейде өздігінше өтеді, немесе анальгетикалық (ибупрофен, напроксен) және есірткілік дәрілік препараттарды қолданумен басылады. Күшті ауырсынуы бар кейбір науқастарға ауруханада емделу қажет. Оларға көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болады. Тастардың кейбір түрлерінде дәрігер тас түзілуіне кедергі келтіретін немесе организмнен тас түзілетін заттектерді шығаруға қабілетті дәрілік препараттарды тағайындайды. Бұл препараттарға жататындар: Аллопуринол (бүйрек қышқылының тастары үшін) Антибиотиктер (струвитті тастар үшін) Несеп айдайтындар Фосфаттық ерітінділер Натрий бикарбонаты немесе натрий цитраты Тиазидті диуретиктер. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?