Нефронның құрылысы және функциялары. Ультрафильтрация және ішінара реабсорбция. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Ультрафильтрация /сүзілу/
- Несептің шумақтық сүзгіден өтеді
- Қанның Шумлянский –Боумен капсуласында сүзіледі
- Мальпиги шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысымы әсерінен капсуланын ішіне өтеді.
- Мальпиги шумағынан қан плазмасының қан қысымы әсерінен капсула ішіне су, Na+, K+, Cl- иондары өтеді.
- Базальдық мембрана мен капсуланың ішкі қабырғасынан үлкен молекулалы заттар, мәселен, шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70000 және одан да көп заттар — глобулиндер, фибриноген, гемоглобин өтпейді
- Шумлянский—Боумен капсуласынан алынған алғашқы несеп құрамы жағынан кан плазмасымен бірдей болады. Оның кұрамында қан жасушалар және үлкен молекулалы нәруыздар болмайды, аздаған альбуминдер, баска заттардаң қант, амин қышқылдары, тұздар болады.
- Несептің көлемі өте көп — тәулігіне 150—180 л.
- Мальпиги шумақтарындағы капиллярда қан кысымы басқа мүшелердегі капиллярлармен салыстырғанда өте жоғары 70—90 мм. с. б. б.
- Қанды алып кетуші артериянын, диаметрі, қанды алып келуші артерия тамырынан анағұрлым тар.
- Шумақтық сүзілу нәтижесінде түзілген алғашқы несеп бүйректің түтікшелеріне барып құйылады.
Реабсорбция /қайта сіңірілу/
- Түтікшелерде алғышқы несеп қайта сіңуге ұшырайды.
- Несеп құрамындағы су мен онда еріген кейбір заттар кайта сіңеді, сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпителиіндегі синтез нәтижесінде түзілген заттар қосылып соңғы несеп құрайды.
- Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, бірақ мочевинаның, несеп қышқылының және тағы басқа белок алмасуы барысында пайда болған заттардың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрациясы да басым болады.
- Нефронның төменгі бөліміндегі жоғары және төмен жүретін тура түтікшелерде, Генле ілмешегінде, иірім түтікшелерінің төменгі бөлімінде, несеп жинайтын түтіктерде реабсорбция тұрақсыз, деңгейі өзгеріп отырады, оның мөлшері су мен тұздар алмасуына байланысты. Сондықтан бұл бөлімдегі реабсорбция құбылмалы (факультативтік) реабсорбция деп аталады.
- Генле ілмешегінде орналасқан несеп концентрациялау механизмі айналдыра кері ағызу жүйесі деп аталады.
- Генле ілмешегінің өрлеу иіні мен төмендеу иіні және несеп жинаушы түтіктер бір-біріне параллель жақын орналасқан, өзара байланысып несеп концентрациялайтын тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.
- Генле ілмешегінің төмендеу иініндегі эпителий ерекшелігі тек суды ғана өткізіп, натрийді жібермейді: өйткені мұнда ион тасушы ферменттер болмайды (сукципатдегидрогеназа жоқ).
- Генле түйінінің төмендеу иінінде судың қайта сіңуі күшейеді де, натрийдің сіңуі тоқталғандықтан несеп бірте-бірте қоюланып концентрацияланады.
- Несептің несеп жинаушы түтіктерінде екінші рет концентрациялануы гипофиздің артқы бөлімінің антидиуретикалық гормонының қатысуымен реттеледі.
- Несеп жинаушы түтікшелер мен Генле ілмешегінің жоғарғы бөлімі қатар орналасқан жерде эпителийлер аралығы гиалурон қышқылына толы болады. Ол түтікшелер қуысынан суды ішкі тканьге нашар өткізеді. А. Г. Гинецинскийдің болжамы бойынша организмде су азайғанда АДГ қанда көбейеді.
- Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті. Құрамының негізі — су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?