Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит,Бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2B  Бөліп шығару

Мектеп: Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Кәсіптік даму мақсаттары

Әртүрлі бағалау тәсілін қолдану және терминологияға мән беру арқылы, оқушылардың білім деңгейін арттыру

Күні: --. --. 2019

Мұғалімнің аты-жөні: Шәмейұлы Е

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит,Бүйрекке тастың жиналуы. 

Себептері және алдын алу шаралары. 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушы біледі:

- зәр шығару жүйесінің ауруларын

- зәр шығару жүйесі мүшелерінің бұзылуының белгілері мен себептерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсаттарға қол жеткізеді егер:

- аурулардың себептерін атай алса;

- аурулардың белгілерін атай алса;

- гигиеналық және аурулардың алдын алу шараларын атай алса.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Антидиуретикалық гормон, несеп концентрациясы, диета, жоғары қан қысымы, диабет, бүйрек тасы, инфекция, бүйрек аурулары, қатерлі ісік, темекі шегу

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Қан шумақшаға түскен кезде болатын үдеріс…болып табылады

Сүзінді орталық иілгіш арнаға жеткенде болатын үдеріс...болып табылады

Ультрасүзгілеу үдерісінде қанда қалатын / қаннан жойылады молекулалар...болып табылады

Молекулалары ірі болғандықтан сүзілмейді…сондықтан олар

Энергияны талап ететін таңдамалы қайта абсорбцияға тартылған үдеріс аталады…

Дағдылар

Білу. Талдау, сыни ойлау және зерттеу дағдылары.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, академиялық шындық, өзіне және өзгелерге құрмет, ашықтық.

Пәнаралық байланыстар

Химия: органикалық заттардың ыдырауы. Медицина: нефрология

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Қоректену: 7 және 8 сыныптар. 

Заттардың тасымалдануы: 7 және 8 сыныптар. 

Бөліп шығару: 7 және 8 сыныптар. 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

1-2мин.

3-12мин.

13-15 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

(ҚБ) Мақсат бойынша ҚБ-ды ұйымдастыру:

9.1.5.1- нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;

9.1.5.2 -фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау

9.1.5.3 - бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау

(Ұ) Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға "бөліп шығару жүйесінің аурулары" тақырыбына "идеялар қоржынын толтыруды" ұсынады, оқушылар карточкаларда бөліп шығару жүйесінің ауруларын жазады, одан кейін қандай аурулар жиі кездесетінін анықтауды ұсынылады (пиелонефрит, цистит, бүйрек-тас ауруы). Аурулар тізімін оқушылар саны мен сынып жұмысының қарқынына байланысты кеңейтуге болады.

Содан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері бірлесіп тұжырымдалады.

Оқушылар мыналар туралы идеяларды қамти алады:

  • Диагностика және емдеу
  • Диабет, жоғары қан қысымы, семіздік, шылым шегу және жас мөлшерін қоса қауіп факторлары
  • Бүйрек инфекциясының алдын алуда жеке тазалық маңызды рөл атқарады
  • Ерте анықтау және емдеу, мүкжидек шырыны бүйрек инфекциясын алдын алуда тексерілген үй дәрісі ретінде
  • Жаттығу мен теңдестірілген диета және шылым шекпеу арқылы дұрыс салмақ сақтау

Зәр шығару жолдарының аурулары туралы ақпарат:

http://kidshealth.org/kid/health_problems/bladder/kidney_conditions.html#

http://www.kidneydialysis.org.uk/

Сабақ ортасы

16-26 мин.

27-36 мин.

(Т) (ҚБ) Мұғалім жұмысты топта ұйымдастырады. Оқушыларға бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының себептерін және олардың алдыналу жолданын зерттеуді ұсынады, зерттеу жүргізу үшін интернет-ресурстардан / ақпараттық парақтарды пайдалана отырып, постер-презентацияны дайындауды ұсынады

Ауырулар: пиелонефрит, цистит, бүйрек-тас ауруы (аурулар тізімін уретрит және энурезбен толықтыруға болады).

Бірінші топ пиелонефрит туралы презентация дайындайды; Екінші топ цистит туралы презентация дайындайды;

Үшінші топ бүйрек-тас ауруы туралы презентация дайындайды.

Жұмыстарын бағалау критерийлері

- Атауы

- Ауыру себептері;

- Ауыру белгілері;

- Ауыруды алдыналу шаралары.

(Ж) (Т) Топтар өздерінің презентацияларын/постерлерін қорғайды және өзара баға береді.

Оқушылар бүйрек пен зәр шығару жүйесі аурулары туралы ақпаратты көрсетілген кестеде толтырады.

Атауы

Себептері

Белгілері

Алдыналу шаралары

Қосымша 2

https://etopochki.ru/bolezni-pochek/inie/vidy-boleznej.html

Сабақтың соңы

Рефлексия

38-40 мин

Оқушылар арасында жұпаралық бағалау жүргіземін.

1- түсінбедім, 2- Түсіндім, бірақ қайталуым қажет

3- Өже жақсы түсіндім

Үй жұмысы:

Бүйреке гигиенасы мен ауруларының тағыда басқа түрлерін іздестіреді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Бүйректің ауруларының себептерін сипаттайды

Оқушылардың көп бөлігі

Бүйрек ауруларының белгілерін атайды.

Кейбір оқушылар

Бүйрек ауруларының алдыналу шараларының баламалы жолдарын ұсынады

Мұғалім сабақ бойы қалыптастырушы бағалайды: сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтаудан бастап, мағына тану кезеңінде мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, таныстырылым.

Топтық жұмыс таныстырылымын оқушылар өзара бағалайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу