Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тынысалу

Мектеп: Алматы қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 07.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Темірхан Бахытжан Тынышбекұлы

Сынып: 8 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау

 Бағалау критерийлері

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды ;
  • Тыныс алудың минуттық көлемі анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тыныс алудың минуттық көлемін анықтай білудің маңызы мен тыныс алу жиілігі физикалық жаттығудың әсерін түсіндіру үшін айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын қолдана алады. тыныс алу тақырыбындағы биологиялық терминдерді қолданып, ауызша жазбаша сипаттамалар бере алады.

Пәндік лексика және терминология:

тыныс алу жиілігі, тыныс шығару жиілігі, тыныс алудың минуттық көлемі,

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Белсенді физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі ….... болады. Өйткені....

Егер физикалық жаттығулар саны ұлғайса, онда … ... .....

Терең дем алудың… ... ... болатынын байқадық.

Мен физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі … артық болады деп санаймын. Бұның себебі …

Егер физикалық жаттығулар саны ұлғайса, онда …

Физикалық жаттығулар ұзақтығы ұлғайған кезде, біз … байқадық.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

ӨТС анықтау үшін математикалық формуланы қолдану. Аэробты және анаэробты тынысалудың химиялық реакция теңдеуін пайдалану. Графиктер құру арқылы физикалық, математикалық білімдерін пайдаланады.

 Кәсіби даму мақсатым

Аудио және бейнежазба әдісін қолданып биология сабағында ғылыми тілді дамыту

Алдыңғы білім

Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері (6 сынып)

Адамның тыныс алу жүйесінің құрылысы (8-сынып)

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

5 мин

5 мин

10 мин

10 мин

5 мин

4 мин

Сәлемдесу. Оқушылар бір бірімен конго халқындай амандасады (конго халқы алақандарын бір-біріне жайып үрлейді).

Тақырыпты ашу үшін барлық оқушылар шар үрлейді. Сосын неге үрлегенін сұрау арқылы тақырыпты ашу.

Тақырып:Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

Терминдер:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

Жизненная ёмкость лёгких

Vital capacity of the lungs

Өкпе

Легкое

Lung

Спирометр

Спирометр

Spirometer

терең тыныс алу

глубокое дыхание

deep breathing

тыныс сыйымдылығы

дыхательная способность

respiratory capacity

Мақсат: өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау

Оқушылар қағазда жазылған ақпаратты, іс-қимылмен көрсетеді.

Жұппен жұмыс. Оқушыларға материалдар таратылып береді, оқып бір-біріне сұрақ қойады.

Зертханалық жұмыс жасау, спирометрмен әр оқушы өзінің өкпе тіршілік сыйымдылығын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалаумен бір-бірін бағалайды.

ЕСЕП: Тыныс шығарғандағы ауа құрамында 16% оттегі (тыныс алғандағыдан 5% кем). Оқушы минутына 18 рет тыныс алып, әр тыныс алуда 500см3 ауа сіңіреді. Оқушының бір сабақта (40 минут) сіңіретін оттегі мөлшерін есепте.

Рефлекция. Екі жұлдыз, бір тілек.

Шарлар

1 -2 слайдтар

Қосымша ақпарат

Дифференциациалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным мәнінде жүзеге асты ма? мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным мәнінде жүзеге асты ма? мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекеленген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу