Аэробты және анаэробты тыныс алу. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім атауы: 9.2А – Тыныс алу Күні: Сынып: 9 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Аэробты және анаэробты тыныс алу | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқыту мақсаттары | 9.1.4.1 - тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың анықтамасын айта алады. Аэробты және анаэробты тыныс алудың химиялық теңдеуін жаза алады. Аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерін салыстыра алады. Аэробты және анаэробты тыныс алуға байланысты есепті шығара алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Аэробты және анаэробты тыныс алуды пәндік терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады. Алдымен жазбалар жасай алады (оқылым және жызылым дағдылары), содан соң аэробты және анаэробты тыныс алудың фомуласын жазады (жазылым дағдысы) Пәнге тән лексика мен терминология Оттекті, оттексіз, аэробты, анаэробты тыныс алу, формула Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы: Аэробты тыныс алудың формуласы … Анаэробты тыныс алудың формуласы … …сүт қышқылы | ||||||||
Құндылықтарға баулу | Ынтымақтастық:
Азаматтық борыш:
Өмір бойы оқу:
| ||||||||
Пәнаралық байланыс | Анаэробты және аэробты тыныс алу реакцияларын оқу кезінде «Химия» пәнімен байланысады | ||||||||
АКТ дағдылары | Оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері - 8 сынып. Тыныс алу - ауа құрамындағы оттегімен ағзадағы көмірқышқыл газының арасындағы алмасу үдерісі - 8 сынып. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 0-1 мин | Сабақты ұйымдастыру
| ||||||||
2-5 мин | Ой толғау «Сергіту жаттығуы» арқылы миға шабуыл Оқушылар қолдарын төмен түсіріп, қолдары ауырғанша жұдырықтарын қысады. Аздаған демалыстан кейін қолдарын көтеріп, бұл жаттығуды қайталайды. Сұрақ: 1. Қолды көтеріп және қолды төмен түсіргенде жаттығу нәтижесі неліктен әр түрлі болды? 2. Тыныс алу үрдісімен қалай байланысты деп ойлайсыз? Оқушылар жұппен талқылап, жауаптарын ұсынады - Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ? Жаңа тақырыпқа шығу Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау (тақтаға жазу) Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну | ИТ, презентация, 1-3 слайд | |||||||
6-12 мин | Тақырыптың мағынасын ашу Мұғалім оқушыларға аэробты және анаэробты тыныс алу дегеніміз не екенін түсіндіріп, https://twig-bilim.kz сайтынан алынған бейнероликтерді ұсынады (анықтамаларын дәптерге жазып алу қажет) | ИТ, презентация, 4-12 слайд бейнеролик | |||||||
13-20 мин | Топтық жұмыс Оқушыларды екі топқа бөліп, аэробты және анаэробты тыныс алудың салыстырмалы кестесін толтыруы ұсыну. Дескриптор:
Өзара бағалау Тапсырманы орындап болған соң, әр топ жауаптарын ұсынады, бір-бірлерін бағалайды *Жұмыстарын ерте бітірген топқа қосымша тапсырма беруге болады. | ИТ, 13-слайд 1-қосымша (ақпараттық парақша) 2-қосымша (тапсырма парақшасы) | |||||||
Сабақтың ортасы 21-32 мин | Есептер шығару Адамның бұлшықет ұлпасының жасушасында 12 моль глюкоза ыдырауға түсті. Оның 8 молі оттексіз ыдырап, ал 4 молі оттегімен толық тотықты. Осы жасушада сүт қышқылының, көмірқышқыл газының, АТФ-тің қанша молі түзілетінін және оттегінің қанша молі шығындалатынын есептеп шығарыңыз. Шығару жолы: (пропорция арқылы) С6Н12О6+6О2 6CО2+6Н2О+38АТФ С6Н12О6 2C3Н6О3+2АТФ Жауабы: О2 – 24 моль C3H6O3 – 16 моль CO2 – 24 моль АТФ – 16+152= 168 моль | ИТ, 14-слайд, тақта, маркер | |||||||
33-36 мин | Сабақты бекіту Венн диаграммасын толтыруды ұсыну Аэробтық, анаэробтық тыныс алудың ұқсастығы мен айырмашылығын толтырады. | ИТ, 15-слайд | |||||||
37-38 мин | Сіз білесіз бе? Тыныс алудың 7 құпиясы | ИТ, 16-слайд | |||||||
Сабақ соңы 37-40 мин | Сабақтың мақсатына оралу Рефлексия «Feedback Sandwich» «Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»
Үй тапсырмасы: Өткен тақырыпты бекіту, қайталау | ИТ, 17-18 слайд, стикер | |||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||
Барлық оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алуды сипаттайды. Аэробты және анаэробты тыныс алудың қай жерде жүретінін анықтайды. Көпшілік оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың ауызша теңдеуін дұрыс жазады. Кейбір оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың айырмашылықтарын анықтайды. | Жеке жұмысты бағалау Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау Өзара бағалау | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері Интербелсенді тақтаны 10 мин артық қолданбау | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? ОМ барлық оқушылар жетті ме? Егер жетпесе, онда неге? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма? Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге? |
| ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?