Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс №1 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу». Биология, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Сыртқы

және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс №1 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу»

9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру;

9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.

Оқу мақсаттары:

Судың жапырақ және тамыр бойымен қозғалуын зерттейды;

Бақылаудың нәтижесіне анализ жасап, оны қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

Жапырақтың құрылысы, буландыру қасиеті туралы не білесіңдер?

Оқушылар 70%-ды спиртті қолдарына жағыңыз, не сезіндіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=i0cbgP-JYY0

Видеокөрсетілім

Транспирация - өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс.

Транспирация құбылысы

Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды.

Өсімдіктің булану процесі жүретін үш бөлімі: лептесік, кутикула, жасымық.

Лептесік - өсімдіктер тыныс алатын және одан су буланатын, негізгі жапырақ эпидермисіне орналасқан клеткалар арасындағы саңылау (жапырақтың жалпы көлемінің 1%-на тең).

Кутикула - қоршаған ортамен шектесетін, жер үсті мүелерін қаптап тұратын сыртқы қабықша. Жапырақ эпидермасын, сабақ пен жемістерде 10%-дейін су өткізеді.

Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше қуыстаржасымықшалар.

Ксилема және флоэманың құрылысы:

Жапырақтың микроскоппен қарағандағы ішкі құрылысы

Лигнин (лат.Латын тілі lіgnum — ағаш) — түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерліПолимер қосылыс. Ол, негізінен, жасушаның сыртқы қабықшасын инкрустациялайтын зат болып табылады. Клетка қабықшасында Лигнин жиналуы оның ағаштануына алып келіп, беріктігін жоғарылатады. Лигнин жалпақ жапырақты өсімдіктерде 20 — 30%, қылқан жапырақты өсімдіктерде 50%-ға дейін кездеседі, ал төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырларда) мен мүктерден ол анықталмаған

Транспирацияға әсер етуші факторлар

Ауа-райы (Температура, жел, жарық, ауа ылғалдылығы, топырақтағы судың қолжетімділігі.)

Уақыт ( негізінен күндізгі уақыт қолайлы)

Жасымықшалар саны

Жапырақ булану ауданы

Зертханалық жұмыс №1 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу».

№1 жұмыс.

Микроскоп арқылы жапырақтардың көлденең кесіндісін қарастырыңыз және белгіленген суреттерді қолдану арқылы жасушалардың түрлерін анықтаңыз. Оқушылар әрбір түр жасушалары үлгілерін салыңыз.

№2 жұмыс.

Оқушыларға целлофанмен қапталған өсімдік орнатылым ұсынылады. Оқушылардан пакет ішіндегі су қалай пайда болғанын түсіндіріңіз.

№3 жұмыс.

Оқушыларға маш немесе қыша көшеттерін беріңіз. Оқушылар тамыр түктерін микроскоп арқылы зерттейді. Маш немесе қыша орнына бидайдың немесе асбұршақтың көктеген дәндерін пайдалануға болады.

Оқушылар тамыр түктерінің жасушаларын салуы және осмос үдерісінде су жасушаларға қалай түсетінін жазбаша түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу