Зертханалық жұмыс. Әр түрлі жағдайлардың (температура, рН) ферменттердің белсенділігіне әсері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс N

Сынып_____9_________ Оқушының аты жөні:_________________________________

Тарау: 9.1E Қоректену.

Тақырыбы: Әр түрлі жағдайлардың (температура, рН) ферменттердің белсенділігіне әсері.

Оқу мақсаты: 9.1.2.3 Әр түрлі жағдайлардың (температура, рН) ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу.

Бағалау критерийлері:

әр түрлі жағдайлардың ферменттердің белсенділігіне әсерін қауіпсіздік шараларын ескере отырып, зерттейді;

мәліметтерді жинақтап, зертханалық жұмыс парақшасын дұрыс рәсімдейді;

алынған мәліметтерді талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қауіпсіздік шараларын еске түсіру. Қауіптілікті бағалау.

Қажетті құрал жабдықтар:

  • Тұз қышқылы 1М
  • Натрий гидроксиді 1М
  • Дистильденген су
  • Өсімдік майы
  • 3% cутегінің асқын тотығы
  • Сынауықтар
  • Шикі бауыр
  • Піскен бауыр
  • Шприц
  • Су моншасы
  • Қайшы
  • Пинцет
  • Фломастер
  • Шыны таяқшалар
  • Фильтр қағазы
  • рН жолақтары (полоски)/индикатор қағазы
  • Көзілдірік
  • Тығындар

Бауыр ферменті - каталазаның белсенділігіне температураның әсерін зерттеу.

Зерттеу мақсаты:______________________________________________________________________

Болжам: ______________________________________________________________________________

1.Піскен бауырдың бөлігін таза сынауыққа салып, 2 мл дистильденген су құйыңыз. Зерттеу нәтижесінде не байқадыңыз? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Піскен бауырдың бөлігін таза сынауыққа салып, 2 мл 3% cутегінің асқын тотығын (Н2О2) құйыңыз. Зерттеу нәтижесінде не байқадыңыз? _____________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Екі сынауыққа шикі бауыр бөлігін теңдей етіп салыңыз. Басқа екі таза сынауыққа 2 мл 3% cутегінің асқын тотығын (Н2О2) құйып, бірінші сынауықты мұзды моншаға , ал екінші сынауықты +37-40°C температурадағы су моншасына салыңыз. 3 минуттан кейін су моншасынан екі сынауықты алып, шикі бауыр бөлігі бар сынауықтарға кұйыңыз. Нәтижесін кестеге толтырыңыз.

Сынауықтар

2 мл 3% cутегінің асқын тотығын (Н2О2)

мұзды монша

шикі бауыр бөлігі

2 мл 3% cутегінің асқын тотығын (Н2О2)

+37-40°C температурадағы су моншасы шикі бауыр бөлігі

Зерттеу нәтижесінде не байқадыңыз?

Жасушадағы каталаза рөлі қандай?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тірі және өлі ұлпаларда ферменттің белсенділігі қандай болады?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Каталаза ферменті белсенділігіне температураның әсері қандай? Жоғары, төменгі температурада ферментативті реакциялардың жылдамдығы қалай өзгереді? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Жұмысты қорытындылаңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бауыр ферменті каталаза белсенділігіне рН әсерін зерттеу.

  • 2 мл 3% cутегінің асқын тотығын (Н2О2) үш сынауыққа құйыңыз. Cынауықтарды нөмірлеңіз.

 №1 cынауыққа 1 молярлы HCl тамшысын құя отырып, pH көрсеткішін 3- ке келтіріңіз.

 №2 сынауыққа 1 молярлы NaOH тамшысын құя отырып, pH көрсеткішін 10- ға келтіріңіз.

№3 сынауыққа 1 молярлы HCl немесе 1 молярлы NaOH (қажеттілігіне қарай) тамызып pH көрсеткішін 7- ге келтіріңіз

 Сынауықтарға тамшыларды тамызған соң тығынмен жауып, абайлап қозғаңыз. рН жолақтары (полоски)/индикатор қағазымен рН көрсеткішін анықтаңыз. Ол үшін таза шыны таяқшаларын қолданыңыз. Шыны таяқшаларды әрбір қолданар алдында жуып, фильтр қағазымен сүртіңіз. Шыны таяқшаларын сынауыққа салып алып, pH қағазына жанастырыңыз. Әрбір ерітіндінің pH көрсеткішін жазып отырыңыз. Әр сынауыққа шикі бауыр бөлігін теңдей етіп салыңыз.

Зерттеу нәтижесінде не байқадыңыз? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Каталаза ферментінің жұмысына әсер ететін факторларды атаңыз. _______________________________________________________________________________

Ферментативті реакциялардың жылдамдығына рН ортасының өзгеруі қалай әсер етті?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмысты қорытындылаңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу