Ферменттердің субстратпен әрекеттесу реттілігі.Белсенді орталық. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Энзимдер

1.1 Энзимдер (фермент)дегеніз-биокатализаторлар. Катализаторлар-реакциялардың жылдамдығын арттыратын, соңында өзгеріссіз қалатын заттар. Энзимдер химиялық реакция жылдамдығы қалыпты температурада 106 – 1012 коэфициенке дейін көтере алады.Оны 1900 жылы Бюхнер алғаш ашытқымен ашыту үдерісінен тауып «энзим» атады. Энзим сөзі «ашытқыда» деген мағына береді.

Жасушаның барлық зат алмасу реакцияларын(тынысалу, фотосинтез, және асқорыту) катализдейді. Кез келген адамның денесінде 40 мыңға жуық ферменттер болады. Әрқайсысы әр түрлі реакцияны бақылайды. Энзимдер тірі жасушада синтезделетін нәруыз молекулалары болғандықтан биологиялық катализаторлар деп аталады. Энзим катализдейтін затты осы энзимнің субстраты деп атайды. Субстратпен байланысқан фермент аз уақыт болсада ферментті-субстратты қосылыс (комплекс) түзеді.

Реакция соңында энзимді-субстратты қосылыс екіге өнім және энзимге ажырайды. Энзим реакцияда өзгеріссіз қалады және тағы да жаңа субстрат молекуласымен байланысуды жалғастыра алады:

Субстрат + энзим ↔ энзимді - ↔ Энзимді - ↔ энзим + өнім

(S) (Е) субстратты өнімді (E) (P)

қосылыс (ES) қосылыс (EP

1.2 Энзимнің қасиеті.

  • Барлық энзимдер глобулярлы нәруыздар.
  • Нәруыздар тәрізді энзимдер туралы ақпарат ДНҚ-да кодталған.
  • Энзимдерге катализаторлық әрекет тән.
  • Олардың әрекеті соңғы өнім реакциясы қасиеттеріне, табиғатқа ешқандай әсер етпейді.
  • Энзимдер өте жылдам, аз мөлшерінің өзі көптеген субстраттармен байланыс түзе алады.
  • Энзим тек ғана бір реакцияны катализдей алады. Мысалы, каталаза энзимі тек сутегі асқын тотығының ыдырауын катализдейді.
  • Катализденген энзимдік реакциялар қайтымды.
  • Энзим молекуласында субстратпен байланыс түзетін белсенді орталық (активный центр) бар, әр белсенді орталықтың өздік пішіні болады

Энзимнің әрекет ету механизмі

1890 жылы Фишер энзим молекуласының ерекше пішіні болатыны және оның субстрат молекуласына дәл сәйкес келетіні туралы болжам жасаған. Энзимдік әрекет ету механизмінің қарапайым сызбасы:

Тест тапсырмасы

  • Реакциялардың жылдамдығын арттыратын, соңында өзгеріссіз қалатын заттар.

A гормондар

B қышқылдар

C субстраттар

D катализаторлар

  • Энзим бұл- ...

A ферменттер

B липидтер

C мембраналар

D көмірсулар

  • Субстратпен байланысқан фермент аз уақыт болсада не түзеді.

A ферментті-субстратты қосылыс (комплекс)

B субстратты

C белсенді орталықты

D әрекет етуші затты

  • Схемада бос қалдырылған орынды анықтаңыз.

............... + энзим ↔ энзимді - ↔ Энзимді - ↔ энзим + өнім

(Е) субстратты өнімді (E) (P)

қосылыс (ES) қосылыс (EP)

A ферментті-субстратты қосылыс (комплекс)

B өнім

C субстрат

D энзим

  • 1890 жылы қай ғалым энзим молекуласының ерекше пішіні болатыны және оның субстрат молекуласына дәл сәйкес келетіні туралы болжам жасаған.

A Мечников

B Уотсон, Крик

C Фишер

D Кошланд

Жауаптары: 1- D, 2- А, 3- А, 4- С, 5- С

Видео ссылка

«Энзим» анимация

http://www.youtube.com/watch?v=CZD5xsOKres



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу