Зертханалық жұмыс «Ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН). Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1E Қоректену | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К. | |||||
Класс: 9 | Оқушы саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Зертханалық жұмыс «Ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН) | |||||
Оқыту мақсаттары: | 9.1.2.3 - ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН) зерттеу. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Практикалық жұмысты жасау дағдыларын ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН) зерттеу жұмыстарын өз беттерімен жасау барысында эксперименттің нәтижесін талдау дағдыларын қалыптастыру. | |||||
Бағалау критерийлері: | Ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН) зерттеу. | |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметіне толық сипаттама жасау; -графиктегі ферменттің белсенділігіне температураның әсерін үлгі бойынша сипаттама жазу; Пәнге қатысты лексика мен терминология: асқорыту, асқорыту жүйесі, температура, ферменттің белсенділігі, оптималды, қызметі, қасиеті, денатурация, белсенді орталық, «кілт-құлып». | |||||
Құндылықтарды дарыту :
| Оқушыларды өздерінің немесе жұптарының қалыптастырушы бағалау жұмысын тексеру және бағалау барысында академиялық шыншылдыққа, жұптық немесе топтық жұмыс барысында өзара құрмет көрсетуге баулу. Мектептің зертханалық құрал-жабдықтарын ұқыпты ұстауына баулу. | |||||
Пәнаралық байланыстар: | Химия – зерттеу жұмысын жасау арқылы дағдыларын дамыту. | |||||
Алдыңғы алған білімдері: | Оқушылар бұрыннан білетін білімдері қоректену тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі екендігін біледі. (6 класс). Оқушылар омыртқасыз ағзалардың (шұбалшаң), күйіс қайыратын (сиыр), адамның асқорыту жүйесін және ферменттердің асқорыту жүйесі үшін ролін біледі. асқорыту жүйесін біледі (7 класс). | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин | Сәлемдесу Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. | Слайд 1 | ||||
Сабақтың ортасы 5 мин 28 мин 2 мин | ТҚ бойынша инструктаж Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталайды. Зерханалық жұмысты жасау. Зертханалық жұмыс «Ферменттің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсері (температура, pН) Зертханалық жұмысты рәсімдеу. Өзін-өзі бағалау. | Слайд 2 -10 Қосымша № 1 | ||||
Сабақтың аяғы 3 мин | Рефлексия: 3 факт Үйге тапсырма: кестемен жұмыс | |||||
Дифференциация, жеке қолдауды қалай жоспарлап отырсыз. Зертханалық жұмыс. | Өзін-өзі бағалау– зертханалық жұмысты қорытындылау арқылы. | Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?