Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Пестицидтер
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
- хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
- Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
- Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
- Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
- Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Калифорнияда пестицид шашу
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
Пайдасы мен Зияны
А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. XX ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді. Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ.
Ученые постановили, что для детей пестициды оказались опаснее, чем сигаретный дым. Исследование проводилось на базе центра в Калифорнии.
Эксперты призвали на помощь детей разных возрастов и провели соответствующее тестирование, продемонстрировавшее неудовлетворительные результаты. В исследованиях приняли участие 279 детей от полутора до пяти лет. Все добровольцы проживали в долине Салинас, где находится несколько агропромышленных комплексов и ежегодно осуществляется обработка полей различными удобрениями и пестицидами, отмечает издание wordyou.ru.
В результате изучения итогов тестирования стало понятно, что для детей возрастов от полугода до шести лет (именно такая возрастная категория была использована в качестве добровольцев), именно пестициды являлись одним из главных факторов загубленного здоровья. Даже курение не наносит малышам в первые годы жизни столь сильный вред, как химические добавки от вредителей.
Дети, которые проживали в опасной близости от полей, которые щедро поливались пестицидами и химическими добавками, имели проблемы со здоровьем гораздо чаще, нежели их более удачливые «коллеги» по тесту.
Вывод ученых прост: пестициды отравляют детский организм.Пестициды применяются главным образом в сельском хозяйстве, хотя их используют также для защиты запасов продовольствия, древесины и других природных продуктов. Во многих странах с помощью пестицидов ведётся химическая борьба с вредителями лесов, а также переносчиками заболеваний человека и домашних животных (например, с малярийными комарами).
Наибольшую проблему обезвреживания токсичных промышленных отходов, в том числе и пестицидов, создают продукты, выделенные в группу стойких органических загрязнителей (СОЗ). Пестицидные препараты, относящиеся к этой группе, обладают преимущественно высокой токсичностью, устойчивы к разрушению в естественных условиях, плохо растворимы в воде, проявляют биокумулятивные свойства в жировой ткани, мобильность в пищевых звеньях и выраженную способность накапливаться в живых организмах.
Среди запрещённых к применению пестицидов группа СОЗ представлена хлорорганическими и ртутьсодержащими веществами, производными фурана и другими химическими соединениями. К препаратам этой группы относятся альдрин, дильдрин, эндрин, мирекс, хлордан, гептахлор, гексахлорбензол, ДДТ, токсафен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?