Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


ТАРАУ: 9.4С – Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері

Сабақ: Жылыжай эффектісі (булану) және

озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері.

Қызылорда қаласы Химия-биологиялық бағыттағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Азмаханова Венера Болатбекқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Көктемелік эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін мен оның биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар жаһандық жылынуды қоса парниктік әсер себептері мен салдарларын біледі. Олар сондай-ақ өздерінің көмірсутектік ізін қалай азайту туралы болжам жасай алады. Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды

Тілдік мақсат

Озон қабаты, мұнай,газ, минералдық ресурстар, қоршаған орта, парниктік әсер, жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ластану

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Жер шарының атмосферасында көмірқышқыл газының жиналып қалуы..............

Ғаламдық жылыну деген не?.................

Адамның іс әрекетінің жауапсыз әсерінен экологиялық проблемалардың туындау себептері................................

Алдын-ала білімдер

Қазақстан Республикасы мен өңірлерінде қоршаған ортаның негізгі проблемалары (8.4С бөлімі)

8 сыныпта оқушылар Қазақстан Республикасы мен өңірлерінің қоршаған ортасының негізгі проблемаларын атайды. Осы бөлім қоршаған ортаның осы проблемаларының себептерін түсіндіреді және жаһандық жылыну мен озон қабатының жұқаруы туралы түсініктерді дамытады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар білу қажет:

Жылыжайлық әсердің пайда болу себептерін атай алады;

Жылыжайлық әсердің пайда болу салдарларын біледі;

Жылыжай әсерін болдырмау жолдарын атай алады;

Көпшілік оқушылар білу қажет:

Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына болжамдар жасай алады; тәжірибені болжай алады;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

0 – 05

05 – 10

11-13

12 – 25

26-28

29 - 36

36 – 40

Оқушылармен сәлемдесу

Жағымды көңіл-күй туғызу үшін дене жаттығуын орындау

Оқушыларға биосферадағы жылыжай әсері туралы суреттер таратамын

Миға шабуыл сұрақтары:

  • Берілген суретте нені сипаттайды?
  • Бұл сурет ағзалар үшін пайдалы ма әлде зиянды ма?
  • Жауабыңызға дәлел келтіріңіз
  • Пайдалылығына бір мысал айтыңыз
  • Не себепті мезозой заманында алып жорғалаушылар мен алып өсімдіктер өмір сүрген, олар неге қырғынға ұшырады?

Оқушыларға ютуб сайтынан жылыжай әсерінің туындауы туралы бейнебаянның қысқаша нұсқасын көрсетемін

«Кездейсоқ сандар» арқылы( оқушыларға тақтаға өздеріне ұнаған сан немесе таңба салуды ұсынып, мұғалім сол сандарды кездейсоқ топтастырады) екі топқа бөлемін

«Жеребе» тастау арқылы екі топқа жылыжай әсерінің пайдасы мен зияны туралы талдауды ұсынамын

Топтардағы жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей өлшемдер ұсынамын:

І топқа(пайдасын сипаттаушы)

І Жылыжайлық әсердің пайда болу сызбасын дайындау

ІІ Жердегі ағзаларға тигізетін әсеріне мысалдар келтіру

ІІІ Жылыжай әсерін туғызудың және туғызбаудың жолдарын ұсыну

(суретпен немесе сызбалармен беруге де болады)

ІІ топқа(зиянды әсерлерін сипаттаушы)

І Жылыжайлық әсердің пайда болу сызбасын дайындау

ІІ Жердегі ағзаларға тигізетін әсеріне мысалдар келтіру

ІІІ Жылыжай әсерін туғызбаудың жолдарын ұсыну (суретпен немесе сызбалармен беруге де болады)

Әр топқа озон қабатының маңызы ,оның жұқаруына себепші факторлар және озон жұқаруының алдын-алуға арналған шаралар туралы ауызша баяндау үшін 2 минуттық бейне материал көрсетіледі

(Видеоролик "Защити озоновый слой и климат Земли")

Топтардағы оқушылар қарсы топтың жұмысына өлшемдерді қолдана отырып баға береді

Бағалау кестесі

Суреттің немесе сызбаның талғамға сай көрнекіленуі

Жұмыстар барысында терминдерді қолдана алу мүмкіндігі

Топ мүшелерінің ұйымшылдығы

Келтірген дәлелдердің шындыққа сәйкестігі, нанымдылығы

Жалпы топ жұмысының бағасы(«орташа», «жақсы», «өте жақсы»

Кері байланыс

1,2- «Бүгінгі сабақта зерттедім, таныстым»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4- «Менің жеңісім!»

Суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=hHvokk4H9Pc

А4, А3 форматтар, компьютер, ғаламтор желісі, стикерлер, түрлі түсті қағаздар, маркерлер

https://www.youtube.com/watch?v=-UFs6tmioDs

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелейтін элемент)

Барлық оқушылар білу қажет:

Көктемелік эффекттің пайда болу себептерін атай алады;

Көктемелік эффекттің пайда болу салдарларын біледі;

Қазақстанда қоршаған орта проблемаларының туындау себебін түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар білу қажет: Тәжірибені болжай алады;

Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына болжамдар жасай алады

Жеке және топта жұмысты бағалау;

Оқушылардың эксперимент кезіндегі іс – әрекеттері мен түсіндіруін, ойын бақылау;

Жалпы жұмыс кезінде оқушы ойын тыңдау.

АКТ мен байланыс. Бейнематериалдар, анимация, РРТ,

Топта тиімді жұмыс;география, химия және физикамен пәнаралық байланыс

Коллаборативтік ортаның сақталуы;

Ғаламдық азаматтық.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды?

Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?

Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

 

 

 Парникті эффектіні моделдеу:

 Жұмыс барысы

1. Бөлме температурасын өлшеу.

2. Лампаны 15 – 20 см етіп банканың үстіне орналастыру.

3. Банкаға термометр салып 7 минут бойы температураның өзгерісін бақылау.

4. Температураны әр минут сайын бақылап, кестеге енгізу.

5. Бақылау барысындағы температураның өзгерісін табу.

Құрал – жабдықтар:

  • термометр 4 дана
  • лампа 4 дана
  • 2 қақпағы бар ыдыс
  • 2 қақпағы жоқ ыдыс
  • қара топырақ
  • құм
  • секундомер
  • қағаз, қалам

«Уақыт бірлігіндегі температура өзгерісі»

Минуттық уақыт

Грунт - _____________, t C

0

1

2

3

4

5

6

7

Температураның өзгерісі

Әр топ жұмыс барысының нәтижесін жинақтап, бір қорытынды шығарады.

1

2

3

4

5

6

7

Қорытынды

Қақпағы жоқ қара топырақ

Қақпағы бар қара топырақ

Қақпағы жоқ ақшыл топырақ

Қақпағы бар ақшыл топырақ

Қорытынды:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу