Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі.

Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.2 - энергия ағымының тиімділігін есептеу

9.3.1.3 - энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қоректік тізбек құрады

қоректік тізбекте өндірушілер, тұтынушылармен ыдыратушыларды анықтайды пирамиданың үш түрін суретінен анықтайды

Оқушылардың көпшілігі: ресурстардағы веб-сайттың көмегімен өздерінің қоректік тізбектерін құрайды.есептеулерді жұпта орындайды.

энергия ағыны тұрғысынан экологиялық пирамиданы сипаттайды

Кейбір оқушылар: қоректік тізбектегі энергия ағымы мен заттардың айналымын талдайды.Есептеулерді өз бетімен орындайды.

 Бағалау критерийлері

  • Өз ойын ортаға салады
  • Өзгені тыңдай біледі
  • Кілт сөздерді орнымен пайдаланады
  • Экожүйе құрылымын талдайды
  • Қоректік тізбектер құра біледі
  • Қарапайым қоректік тізбектегі энергия ағымын сипаттай алады
  • Экожүйе арқылы энергия ағыны тұрғысынан экологиялық пирамиданы сипаттап, мысалдар келтіре алады
  • Экологиялық пирамиданың «10 % ереже» негізінде тапсырмалар орындайды.
  • Сандар, биомасса мен энергия пирамидасын сызба түрінде көрсетіп түсіндіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

sun,energy,grass-трава,rabbit-заяц,fox-лиса;

Түзушілер (продуценттер) Producers

Тұтынушылар (консументтер) Consumers

Ыдыратушылар ( редуценттер) Decomposer

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ecological pyramid экологическая пирамида,primary consumerконсумент первого порядка-1- реттік консумент. Pyramid of numbers-сандық пирамида , Pyramid of biomass-биомасса пирамидасы , Pyramid of energy энергия пирамидасы.

 Құндылықтарды

 дарыту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет – топтық жұмысты орындау барысында өзгелердің идеясын құрметтеу және қолдау көрсету;

Ынтымақтастық .Өмір бойы оқу.

Eлімізді халқымыздың құндылықтарын дәріптеуге үйрету ,сүюге тәрбиелеу . Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға ...»,- оқу.

Қазақстанның өзінің аумағында кездесетін қоректену тізбегін сызу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Биология – математика,география және экология ғылымдарымен байланыста

 АКТ қолдану дағдылары

оқушы топпен жұмыста , интернет ресурстармен жұмыс жасай білуі қажет

http://www.vtaide.com/png/foodwebS.htm

Бастапқы білім

.Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Оқушылар «экожүйе», «тірі ағзалардың бірлестіктері» және «биогеоценоз» ұғымдарын біледі, қоректік тізбектің қарапайым сызбасын қолданып өндірушілер, тұтынушылар және ыдыратушыларды анықтайды Қоректік тізбекті біледі (7 класс). Биологиялық популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды (8 сынып). Экожүйеге әсер ететін биотикалық және абиотикалық факторлар (7.4В бөлімі)

Популяция мен экожүйе құрылымы (8.4В бөлімі)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу, жақсы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Starter : Экожүйе құрылымын еске түсірейік!

Оқу мақсаты : 9.3.1.2 - энергия ағымының тиімділігін есептеу

9.3.1.3 - энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру

Жаңа кілт сөздермен таныса отырып, тірі ағзалардың арасындағы қоректік байланысты анықтау.

презентацияда

Сабақтың

ортасы

10мин

15 мин

7мин

(G/P) суреттерден қоректік тізбектің құрастырымын жасайды.

(T) Оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың шіруі туралы баяу бейне жазбасын көрсету

(I) Оқушыларға ресурстардағы веб-сайттың көмегімен өздерінің қоректік тізбектерін құрайды. Кілт сөздермен белсенді жұмыс

Қарапайым қоректік тізбекте энергия ағымы сипатталады

Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталатын 1942 жылы ашылған Р.Линдеман заңына түсінік беру.

(G/f)) Оқушылар топта жұмыс жасайды: Энергия ағымының тиімділігін есептер шығару .

№1,2,3,4 тапсырмаларды әр топқа беруге болады. Сараптау.(дифференц.)

(I) Оқушыларға ресурстардағы веб-сайттың көмегімен өздерінің қоректік тізбектерін құрайды.

ағылшын тілінде сөзтіркестерін пайдалануы керек.

«ИӘ » немесе «ЖОҚ» деп белгілеу тапсырмасын орындау.

ОМ: 9.3.1.3 - Энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру

  • Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіруін сұрау
  • Экологиялық пирамиданың негізгі үш түрін сипаттау
  • сандық, биомасса, энергия пирамидалар түрін құрастыруы.

Бағалау парағына өздерін бағалау.

Презентация

http://www.naturefootage.com/stockfootage/Time_Lapse_Decompose көрсету, тышқанның ыдырап кетуі

презентацияда

ресурстар

таратпа материалдар

Презентациядағы есептерді басып (печать) беруге болады.

Сабақтың соңы

3мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Рефлексия

Мен енді білемін .....

Маған ұнағаны .....

Менің түсінбей қалғаным ....

Мень жақсы түсіндім .....

Менің келесі сабақта білгім келетіні ....

Стикер

(I/f) Үйге тапсырма және ссылкаларды қарау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? (E) Қызығушылық танытқан оқушыларға қосымша тапсырма ұсынылады:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? ҚБ тапсырмалары арқылы

Бағалау критерийлері арқылы жеке жұмыста өзіне баға

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыДенсаулық сақтау технологиялары.

Бөлме ауасының тазалығы,желдету

анағұрлым қабілетті оқушылар алғашқы көмектің әр түрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете алады.

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Ресурстар көмегімен график құру және оны график параметрлері бойынша бағалау

Қалыптастырушы бағалау : мадақтау, өзін өзі бағалау , бірін- бірі бағалау

Сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздіктехникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

БұлБөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өзсабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың жұпта жұмыс жасауы бір –біріне көмектесуі

2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Қолайлы орта құру көңіл күйіне әсер ету факторлары (психологиялық ерекшеліктеріне байланысты)

2: Тапсырманы орындаған кезде көмек қажет оқушыларға көңіл бөлу

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу