Популяцияның өсуінің салыстырмалы графиктері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4A Популяциялар, экожүйелер және биосфера (8 с) | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Популяцияның өсуінің салыстырмалы графиктері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Популяцияның өсуінің салыстырмалы графиктерін талдау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Популяцияның өсуінің салыстырмалы графиктерін талдау | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | мәліметтерді пайдалана отырып, популяция өсуінің графигін құрайды және талдай алады | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: дұрыс ғылыми терминдерді пайдаланып тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды (оқылым, айтылым және тыңдалым дағдылары). Пәндік лексика және терминология популяция, «жыртқыш-құрбан» қатынасы, энергия, қоректік тізбек, қоректік тор, бәсекелестік, паразитизм, мутуализм, тамақтану қатынасы, трофикалық деңгейлер, пирамида саны, биомасса мен энергия Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Сурет … мысалын көрсетеді, себебі … Екі түрде бір тағаммен қоректенеді. Бұл … мысалы Уақыт ішінде қарқындауда популяция ұлғаяды Осы бөлімде оқушылар … дамытатын болады Егер Х популяциясы …, онда Y популяциясы … | ||||||||||||
Құндылықтарды дамыту
| «Мәңгілік ел» бесінші қадамы, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.Патриоттық сезімді дамыту. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру. | ||||||||||||
Дағдылар | ойлау дағдылары, зерттеушілік дағдылар | ||||||||||||
Пәнаралық айланыстар | География, экология, информатика(Excel-мен жұмыс) | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта ноутбуктер, тапсырмалар, таратпа материалдар | ||||||||||||
Бастапқы білім | Экожүйеге әсер ететін биотикалық және абиотикалық факторлар (7.4В бөлімі) Популяция мен экожүйе құрылымы (8.4В бөлімі) 7 және 8 сыныптарда оқушылар түрлі экожүйелерді қарастырды және ағзалардың тіршілікке бейімделуін қарастырды. Осы бөлім ағзалардың қалай өзара әрекет етуін түсіндіреді, себебі оқушылар қоректік тізбектерді құрайды және «жыртқыш-құрбан» қатынасын сипаттайды. Бұл 10 сыныпта әрі қарай зерттеу үшін білім негізі мен түсініктерді қамтамасыз етеді, онда қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне бейімделу мен экожүйенің түрлі құрамбірліктерін зерттейді. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың басы
01-6 мин Сабақтың ортасы 07-38 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Миға шабуыл. (G)Оқушылар өткен сабақ бойынша экологиялық есептерді шешу 1. Қысқы ұйқы кезінде сарышұнақтың екі популяциядағы өлімін есептеңіз. Олардың біріншісі-популяцияның тығыздығы қысқы ұйқының алдында 1 га 160 аңды құрады, 80 тірі қалды, екіншісі - тиісінше 90 және 56. Егер гектарға келетін азықтың қоры екі учаскеде бірдей екенін ескерсе, өлімі қай учаскеде жоғары болып шығады және мұны қалай түсіндіруге болады? (өлім бірінші популяцияда жоғары. Жеке учаскелердің өте аз мөлшерлері болғандықтан, аңдар аз май жиап, қысқы ұйқыны нашар көтерді). 2. Балықтардың өсімталдығы әдетте өте жоғары. Популяцияның ірі бөлігі ауланып кетсе, қалған аз ғана жыныстық жетілген дарақтар уылдырығын көп береді. Балықтың популяциясына алаңдау керек пе? 3. Орман өсірудің теориясы мен тәжірибесінде екі тәсіл бар. Олардың біріншісі-біржылдық бидай алқабының түрі бойынша құру. Ол бастапқы шығындарды аз талап етеді. Екінші, көп еңбекті қажет ететін-күрделі кеңістігі бар әртүрлі жастағы дақылдарды құру. Сіз қандай әдістерді таңдайсыз және неге? 4. Екі аумақтың бірінде сүтқоректілердің сирек түрін қорғау мәселесі тұр. Олардың бірінде өсімтал ұрпақ бере алатын ересек даралар өмір сүреді, бірақ жастар жоқ. Екіншісі-жастар бар, бірақ ересектер қаза болды. Екі учаскенің қайсысы сіз қорыққа таңдайсыз? 5. Қарағай орманының тұсында көптеген қарағай өскіні пайда болды. Жылдан-жылға саны өскелең қарағайдың ұрпақтары саны азая берді, бірақ оларға ешкім тиіскен жоқ. Бұны қалай түсінуге болады? Қандай механизмдер түрлер санының төмендеуіне әкелді? Жауап: ормандағы ағаштардың саны жасымен (сүрек діңнің өзін-өзі сирету) табиғи түрде төмендейді, өйткені олардың көлемі ұлғаяды және су, минералды заттар, жарық қажеттілігі артады. Әлсіз, баяу өсіп келе жатқан екпелер өледі. Осылайша, оқушыларды сабақтың тақырыбына жақындатып, бағалау критерийі және оқыту мақсаты айтылады. (Т) Популяция санының өсуінің графигі туралы идеяны талқылайды.Бір -бірімен бірлесе отырып, жұмыс жасайды. Есеп №1 Бір жасушалы амеба әрбір үш сағат сайын екі жасушаға бөлінеді. 3, 6, 9, 12, ... сағат арқылы жасушалар санының өзгеру моделін құру. Амеба өлуіне әкелетін факторлар есепке алынбайды. Есеп №2 Бұл жойылып бара жатқан түрдің жалғыз табиғи қоныс табынына популяция деңгейлеріндегі өзгерістерді көрсету.3 графигін жасау үшін төмендегі деректерін пайдаланыңыз: Жылына тырналар саны. Жылына тырналардың санының ұлғаюын есепте Жылына тырналар санын пайызын есептеу. Дескриптор:
(G/P/f) Оқушыларға популяцияның өсуін көрсететін графиктер ұсынылады. Оқушылар графикті түсіндіреді және сипаттайды. Графикті талдау кезіндегі маңызды тұстар: 1.Графиктерді қолдану арқылы популяцияның тығыздығын анықтау. Популяция санының өсуі оның тығыздығына тура пропорционал. 2. Популяция санының максимальды мөлшері мекен ету ортасының оптималды факторларға тәуелді болатынын анықтау. 3. Кез келген популяция саны ұзақ уақыт аралығында тұрақты кезеңінде қала алмайтынына көз жеткізіп, себептерін анықтау. 4. Әр популяция санының өсуі белгілі уақыттан соң шектелетіндігін анықтау. (Т) Оқушылар шағын топтарда популяцияның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі себептерге тоқталады. (G) Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары таратылады. |
| |||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Рефлексия Үйге: графикпен көбірек жұмыс жасау | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||
Қабілеті төменірек оқушыларға карточкалар, үлестірме материалдар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген. Бұл зерттеу жүргізу қажеттілігін қысқартуға мүмкіндік береді. | W = бүкіл сыныпты оқыту G = топтық жұмыс арқылы жасушаларды өзара салыстыра алады. I = жеке жұмыс. Талқылау сұрақтары арқылы. I = жеке жұмыс. Проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Компьютермен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?