Жануар және өсімдік жасушаларының компоненттерінің қызметтері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Эукариот жасушасының құрылысы

Органоидтың атауы

Органоидтың құрылысы

Органоидтың қызметі

Цитоплазма

 

Ядро және басқа да органоидтар орналасқан, жасушаның ішкі ортасы. Жарлытай сұйық құрылымды.

  • Тасымалдау қызметін атқарады.
  • Биохимиялық үдерістердің алмасу жылдамдығын реттейді.
  • Органоидтардың қарым- қатынасын қамтамасыз етеді.

Рибосомалар

Диаметрі 15 тен 30 нанометрге дейін жетедін сфера немесе эллипс тәрізді ұсақ органоидтар.

Нәруыздардың синтезіне, олардың аминоқышқылдардан құралуын қамтамасыз етеді.

Митохондриялар

Түрлі формалы органоидтар (сферадан жіп тәріздіге дейін). Митохондрияның ішінде 0,2 ден 0,7 мкм –ге дейін жететін қатпарлар бар. Митохондрияның сыртқы қабаты екі мембраналы. Сыртқы мембранасы тегіс, ал ішкісінде өсінділер бар (оларда тыныс алу ферметтері орналасады).

  • Мембранадағы ферменттер АТФ синтезін қамтамасыз етеді.
  • Энергетикалық қызмет. АТФ-тің ыдырауы нәтижесінде босаған энергияны таратады.

Эндоплазмалық тор (ЭПТ)

 

Каналдар мен қуыстар түзетін қабықшалардың жүйесі. Екі түрлі болады: тегіс және түйіршікті (оларда рибосомалар орналасады).

  • Қоректік заттардың синтезін қамтамасыз етеді (нәруыздар, көмірсулар, майлар).
  • Түйіршікті ЭПТ-да нәруыздар, тегісте майлар және көмірсулар синтезделеді.
  • Қоректік заттардың жасуша ішінде циркуляциясы мен тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Пластидтер (тек қана өсімдік жасушасына тән құрылымдар, 3 түрі бар:

Екі мембраналы органоидтер

 

Лейкопласттар

Түйнектерде, тамырларда және пиязшықтарда кездесетін түссіз пластидтер.

Қоректік заттарды сақтау үшін қосымша депо болып саналады.

Хлоропласттар

Овалды, жасыл түсті органоидтар. Цитоплазмадан екі үшқабатты мембранамен бөлектенеді. Құрамында хлорофилл бар.

Күн энергиясын қолданып, бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдырды.

Хромопласттар

Каротин жиналатын сарыдан қоңыр түске дейін кездесетін органоидтар.

Сары, қызыл және сарғылт түсті мүшелердің пайда болуын қамтамасыз етеді.

Лизосомалар

дөңгеленген, диаметрі 1 мкм шамасындағы органоидтар, сыртында мембранасы, ішінде ферменттердің жиынтығы бар.

Ас қорыту қызметі тән. Қоректік заттарды қорытып, жасушаның өлген заттарын жояды..

Гольджи Аппараты

Формасы түрлі болуы мүмкін. Мембраналармен оқшауланған қуыстардан тұрады. Қуыстардан труба тәрізді, соңында көпіршіктері бар құрылымдар тарайды.

  • Лизосомаларды түзеді.
  • ЭПТ –да түзілген органикалық заттарды жинайды және тасымалдайды.

Жасуша орталығы

Центросфера (цитоплазманың қалыңдаған жері) және центриольдерден тұрады – екі кішкентай денешік.

Жасушаның бөлінуінде маңызды қызметті орындайды.

Жасушаның қосымшалары

Жасушада қалыпты емес болып табылатын көмірсулар, нәруыздар және майлар.

Жасушаның тіршілігінде қолданылатын қоректік заттар.

Қозғалыс органоидтары

Жалған аяқтар мен кірпікшелер (жасушаның өсінділері), миофибриллдер (жіптәрізді өсінділер).

Қозғалыс қызметін атқарады, бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу