Қазақстанның экологиялық проблемалары. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4E Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның экологиялық проблемалары (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, Қазақстандағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен шешу жолдарын ауызша жазбаша түрде түсіндіре алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ормансыздану, шөлдену, жылыжай эффектісі, радиация, батпақтану Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Ормансызданудың салдарынан...кемиді. Судың ластануынан...,... мәселелері туындайды. Егер де жылыжай эффектісі орын алса, онда..., ... жүреді. Топырақ эрозиясының салдарынан...бұзылады. Ауаның ластануы... жоғары. Ауаның ластануының себептеріне...,...,...жатқызуға болады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Топырақ пен ауа құрамындағы газдар концентрациясы, топырақ пен судың қышқылдануы туралы түсініктерді қарастыру арқылы химия, ауа температурасының өзгеруі, газдар диффузиясы, жылу ағыны туралы түсініктер арқылы физика, ауа, су, топырақтың ластануы және парниктік эффектінің салдары туралы қарастырғанда география пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7-сыныптан экологиялық факторларды, адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін, антропогендік факторларды, тірі ағзаларды қорғау шаралары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-5 мин | Сабақтың тақырыбын ашу үшін мұғалім оқушыларға экологиялық проблемалардың тізімі ұсынылып, оның ішінен тек қазақстанға қатысты проблемаларды белгілеуін сұрайды. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, таңдаудың себептері түсіндіріледі. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін талқылап жариялайды. | 1 -4 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
6-25 мин | Мұғалім оқушыларға қазақстандағы экологиялық проблемаларды шағын топтарда немесе жұпта зерттеу тапсырмасын ұсынады. Оқушылар әр проблеманың туындау себептері мен алдын алу жолдарын зерттейді. Зерттеу нәтижесі
түрінің бірін таңдау арқылы рәсімделеді. | 1 - қосымша 5-8 слайдтар | ||||
26-36 мин | Әр оқушы «Еліміздегі экологиялық проблемаларды шешудегі менің үлесім» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазады. Оқушылар өз қалаулары бойынша әңгімелерін оқып сыныптастарымен бөліседі. | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Бүгінгі сабақтан мен үшін ...маңызды болды Алдағы уақытта мен...жасаймын деген бағыттарда қорытынды пікірлерін айтады. |
| ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлерін ұсыну арқылы Оқушылардың өз бетінше зерттеулер жүргізулері арқылы Оқушылардың зерттеу барысындағы талқылаулары мен мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтардың күрделілігі арқылы Оқушылардың зерттеу жұмыстарын өздері қалаған формада рәсімдеулері арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша сұрақ-жауаптар арқылы Зерттеу нәтижесімен таныстыру арқылы Жазбаша жұмыстар арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Зерттеу жұмысы кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды