Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Адаптация немесе бейімделушілік дегеніміз организмнің мекен ортасына сай болу процессі. Кез келген қызметті жақсартуға бағытталған өзгеріс. Бұл тіршілік үшін күрестің нәтижесінде қалыптасып, өзгергіштікке әкеледі. Ағзалар құрылысы, көбею тәсілдері, қызметті атқаруы бойныша бейімделе алады.

Мысалы, Галапагосс аралындағы шымшықтың 14 түрінің мекен ортасына адаптациялары әртүрлі. Олардың тұмсықтарының құрылысы қорек түріне қарай өзгерген бір құстың ұрпағы екені дәлелденген.

Адаптацияның жүрілуінің 3 бағыты болады:

І. Физиологиялық бейімделушіліктер – ағзадағы мүшелердің атқаратын қызметінің өзгерісі. Мысалы, өзінің метаболизмін немесе дене температурасын өзгерту арқылы биіктікке бейімделу, түйе қорға жиналған майларды тотықтыру арқылы ағзаны сумен қамтамасыз етеді.

ІІ. Этологиялық бейімделушіліктер – мінез-құлқындағы өзгерістер. Көбеюге қатысты этологиялық (мінез - құлықтық) адаптация, мысалы, құстар мен сүтқоректілердегі маусымдық миграциялар

ІІІ. Морфо-анатомиялық бейімделу – ағзаның құрылысындағы өзгерістер, мысалы, кактустағы тікенектер, ашық түсті гүлдер. Жануар мен өсімдіктегі морфологиялық бейімделушіліктер басқа тіршілік формасының түзілуіне әкеледі. Бұл құрылымдық адаптация. Ағзаның өз құрылымын өзгерту арқылы бейімделуі. Мысалы, керік ағаштың басындағы жапырақтарды алып қоректенуге бейімделу үшін мойыны ұзарған. Жеке даралардың генетикалық өзгерістерінің арқасында ортаға бейімделуі.  Мысалы, өнеркәсіп салдарынан қарайып кеткен қайыңды мекен ететін ақкөбелек қанаты түсінің қарайып өзгеруі. Бұл генетикалық деңгейдегі өзгеріс.  

Температураға байланысты тірі ағзаларды: гомойотермді және пойкилотермді деп екі топқа бөледі. Гомойотермді – құстар мен сүтқоректілерде қанайналым, тыныс алу және басқа мүшелер жүйесінің эволюциялық даму барысында тотығу реакцияларының бірден артуының нәтижесінде қалыптасқан.

Гомойотермді жануарлардың пойкилотермді ағзалардан айырмашылығы&

  • ішкі энергияның қуатты ағыны;
  • терморегуляция механизмдерінің жалпы даму жүйесі;
  • Барлық физиологиялық үдерістердің үнемі оптималды температуралық жағдайда жүруі;

Пойкилотермді ағзалармен салыстырғанда жылықанды жануарларда 1 г дене массасына қажетті оттегіні жұмсау мөлшері 10, 100 есе көп.

2-қосымша

Физиологиялық

Морфологиялық

Этологиялық

Мысалдарды үш топқа жіктеңіз

  • Ұшатын құстар сүйегінің жеңіл болуы
  • Ұя салу үшін торғайдың түрлі материалдарды пайдалануы
  • Жыртқыштаң жасырынып, құтылып кету
  • Сүтқоректілер мен балықтардың сүйірленген денесінің болуы
  • Қараңғы үңгірде тіршілік ететін балықтың ешқандай қызмет атқармайтын қалдық мүшесінің болуы
  • Құстардың ұя салуы
  • Дене температурасында ферменттің ең белсенді жұмыс жасауы
  • Жыртқыштардың өткір азуларының болуы
  • Ұсақ құстардың ағашта жасырынуы
  • Жылуды үнемдеу үшін түлкі аталығының құлағының кішірек болуы
  • Тырналардың жылы жаққа қайтуы
  • Күн ұзақтығының өзгеруінен құс гипофиз гормоны арқылы бағытты анықтауы
  • Құс қауырсының жылуды сақтауға бейімделуі
  • Жылуды шашырату үшін түлкі аналығың үлкен құлақты болуы
  • Кенгуру, егеуқұйрық сияқты шөл жануарларында өте белсенді жұмыстайтын бүйрегінің болуы
  • Түлен/ итбалықта ескектерінің болуы
  • Масаның сілекейінде қанның ұюын болдырмайтын заттың болуы
  • Жанатта қоректі бөлетін саусақтарының болуы
  • Аюдың қысқы ұйқыға кетуі
  • Өсімдік жапырағында шөпқоректілерге қарсы токсиннің жинақталуы
  • Кесірткенің таңғы күнге қыздырылуы
  • Ақ аюлардың аппақ қар түстес болуы
  • Үкінің жақсы көретін көзінің болуы
  • Қосжақтаулы ұлуда су сүзетін сифонның болуы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу