Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4D Биосфера, экожүйе, популяция

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.3.1.7 тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

  • тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Морфологиялық бейімделу, физиологиялық бейімделу, этологиялық бейімделу

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тірі ағзаның сыртқы құрылысының өзгеруінің нәтижесінде қалыптасатын бейімделушілікті...деп атайды.

Егер де ағза мүшелерінің қызметтеріне байланысты жүрілген бейімделу... бейімделу болып табылады.

Кейбір ағзалар өздерінің ... өзгерту арқылы қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Қоршаған ортаның температура, қысым, ылғалдылық сияқты физикалық жағдайлары қарастырылғанда физика пәнімен, рН, қышқылдық, ауыр металлдар, тұздылық сияқты химиялық заттарға қатысты түсініктер арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан ағзалардың қоршаған ортадағы температураның өзгеруіне бейімделу үшін дене температурасын тұрақты сақтауға деген бейімделушіліктерінің болуын, 8-сыныптан тірі ағзалардың тірі қалу стратегияларының түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқушылардан кез келген бір мекен ортасын таңдап алып, онда тіршілік ететін бір ағзаның өз ортасына деген бейімделушілік белгілерін жазуды тапсырады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін талқылайды.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Мұғалім сынып оқушыларын 5 топқа немесе жұпқа бөліп тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне тірі ағзалардың бейімделу түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу тапсырмасын ұсынады.

1-жұп: қар барысы, ақбөкенді зерттейді.

2-жұп: түйе, ақ аю;

3-жұп: фенек түлкісі, поляр түлкісі

4-жұп: тозаңдануға және тұқымдарды таратуға бейімделу;

5-жұп: түлеу, миграция.

Оқушыларға қажетті ақпарат түрлері мен сілтемелер, видеоматериалдар беріледі.

Кейбір оқушылар ағылшын тіліндегі сайттардан материалдарды пайдалана алады.

Оқушылар зерттеуінде тірі ағзалардың бейімделушіліктерінің себептері мен нәтижелері, олардың мысалдарын табады.

Зерттеу жүргізуге қойылатын талаптар:

  • Тірі ағзалардың бейімделу механизмін анықтау
  • Бейімделушілік түріне мысалдар келтіру
  • Мысалдардың көмегімен бейімделушіліктің жүрілу себептері мен салдарын сипаттау

Оқушылар зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен сыныптастарын таныстырады.

Сұрақтарға жауап береді, қалған оқушылар сұрақтар қойып, тиісті ақпаратты жазып алады.

1 - қосымша

3-5 слайдтар

27-36 мин

Оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен сабақтан...,...түсіндім.

Мен ...туралы білгім келеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың әртүрлі ресурс көздерімен жұмыс жасаулары арқылы

Топтық жұмыс кезіндегі топтағы рөлдерді бөліп атқарулары арқылы

Оқушыларға қосымша ақпарат ұсыну арқылы

Оқушыларға қосымша тапсырмаларды орындауды ұсыну арқылы (6-12слайдтар)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зерттеу жүргізулері кезіндегі талқылаулар

Мысалдар келтіре білулері

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Зерттеу жүргізу кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу