Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Эволюцияның негізгі бірлігі түр болып табылады. Олардың ішіндегі ең жақсы бейімделгені тіршілік үшін күресте жеңіп шығады. Сондықтан тұқымқуалайтын өзгергіштік бейімделушілікке, бейімделушілік эволюцияға әкеледі. Тірі ағзалар қоршаған ортаның түрлі өзгерістеріне бейімделуге тырысады. Сондықтан олардың құрылысы, мінез-құлығы мен атқаратын қызметтері әрдайым өзгеріп отырады. Бейімделушілік ағзаның құрылымына байланысты жүрілсе морфологиялық-анатомиялық, қызметіне байланысты жүрілсе физиологиялық, мінез-құлығына байланысты жүрілсе этологиялық болып ажыратылады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақ барысында видеоматериалдарды пайдалануға болады. Онда оқушыларға видео қарау барысында әр ағзаның ие болған бейімделушіліктерінің себептері мен түрлерін анықтауы тиіс. Оқушылардың зерттеу жұмыстары үшін барлық ақпарат түрлерін, яғни видеоматериалдар мен ақпарат парақшалары және сілтемелерді ұсыну қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылар тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгерістеріне сай өзгеріп бейімделетінін түсінулері маңызды. Оқушылардың әрбір бейімделушілік түріне мысалдар келтіре білулеріне асты назар аударылады. Сонымен қатар бейімделушіліктің тірі ағза үшін маңызын сипаттай алулары бағаланады.

  • Саралау тапсырмалары

6–12 слайдтарда ұсынылды. Оқушылар ауызша жауап береді.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

1-тапсырма. Кесіртке салқынқанды болғандықтан температура төмен кезде оның белсенділігі де төмен. Ал температура мәні 20-300С аралығында оның тіршілік әрекеттерінің белсенділігі артады. Ал тышқан жылықанды болғандықтан оның тіршілік белсенділігі 37-40 0С жоғары.

2-тапсырма. Қар барысы суыққа байланысты тығыз жүні бар, әрі мекен ортасындағы түске байланысты шұбар болып келеді. Ал бөкеннің жүні тақыр, құлақтары үлкен болуы оның дене температурасын тұрақты сақтауға деген бейімделушіліктер болып табылады.

Критерий:

тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру

Дескрипторлар:

  • Тірі ағзалардың бейімделушілік түрін анықтайды
  • Ағзалардың бейімделушіліктерінің тиімділігін бағалайды
  • Ағза бейімделушілік түрлеріне мысалдар келтіреді
  • Температураға қатысты графиктегі өзгерісті талдайды
  • Сілтемелер мен ресурстар

Ыстық шөлдегі тіршілік

https://twig-bilim.kz/kz/film/life-in-hot-deserts

Адаптация

https://twig-bilim.kz/kz/film/adaptation

Аяздағы тіршілік

https://twig-bilim.kz/kz/film/life-in-the-freezer



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу