Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Адаптация немесе бейімделушілік дегеніміз организмнің мекен ортасына сай болу процессі. Кез келген қызметті жақсартуға бағытталған өзгеріс. Бұл тіршілік үшін күрестің нәтижесінде қалыптасып, өзгергіштікке әкеледі. Ағзалар құрылысы, көбею тәсілдері, қызметті атқаруы бойныша бейімделе алады.

Мысалы, Галапагосс аралындағы шымшықтың 14 түрінің мекен ортасына адаптациялары әртүрлі. Олардың тұмсықтарының құрылысы қорек түріне қарай өзгерген бір құстың ұрпағы екені дәлелденген.

Адаптацияның жүрілуінің 3 бағыты болады:

І. Физиологиялық бейімделушіліктер – ағзадағы мүшелердің атқаратын қызметінің өзгерісі. Мысалы, өзінің метаболизмін немесе дене температурасын өзгерту арқылы биіктікке бейімделу, түйе қорға жиналған майларды тотықтыру арқылы ағзаны сумен қамтамасыз етеді.

ІІ. Этологиялық бейімделушіліктер – мінез-құлқындағы өзгерістер. Көбеюге қатысты этологиялық (мінез - құлықтық) адаптация, мысалы, құстар мен сүтқоректілердегі маусымдық миграциялар

ІІІ. Морфо-анатомиялық бейімделу – ағзаның құрылысындағы өзгерістер, мысалы, кактустағы тікенектер, ашық түсті гүлдер. Жануар мен өсімдіктегі морфологиялық бейімделушіліктер басқа тіршілік формасының түзілуіне әкеледі. Бұл құрылымдық адаптация. Ағзаның өз құрылымын өзгерту арқылы бейімделуі. Мысалы, керік ағаштың басындағы жапырақтарды алып қоректенуге бейімделу үшін мойыны ұзарған. Жеке даралардың генетикалық өзгерістерінің арқасында ортаға бейімделуі.  Мысалы, өнеркәсіп салдарынан қарайып кеткен қайыңды мекен ететін ақкөбелек қанаты түсінің қарайып өзгеруі. Бұл генетикалық деңгейдегі өзгеріс.  

Температураға байланысты тірі ағзаларды: гомойотермді және пойкилотермді деп екі топқа бөледі. Гомойотермді – құстар мен сүтқоректілерде қанайналым, тыныс алу және басқа мүшелер жүйесінің эволюциялық даму барысында тотығу реакцияларының бірден артуының нәтижесінде қалыптасқан.

Гомойотермді жануарлардың пойкилотермді ағзалардан айырмашылығы&

  • ішкі энергияның қуатты ағыны;
  • терморегуляция механизмдерінің жалпы даму жүйесі;
  • Барлық физиологиялық үдерістердің үнемі оптималды температуралық жағдайда жүруі;

Пойкилотермді ағзалармен салыстырғанда жылықанды жануарларда 1 г дене массасына қажетті оттегіні жұмсау мөлшері 10, 100 есе көп.

2-қосымша

«Жануарлардың мекен ету ортасына байланысты бейімделу механизмдерін анықтау» бағалау рубрикалары

Теориялық ақпаратты бағалау.

Бағалау критерийлері

1

2

3

«Бейімделушілік» терминін түсіну

Мысал келтіру қиын

Мысал келтіреді

Өз таңдауы бойынша бейімделгіштікке мысал келтіреді

Бейімделгіштіктің мекен ету ортасымен байланысын анықтайды

Эко жүйенің негізгі компоненттерін атайды.

Экожүйенің негізгі компоненттерін олардың ерекшелігіне байланысты атайды.

Экожүйенің негізгі компоненттерін олардың ерекшелігіне байланысты және олардың арасындағы байланысты атайды

Бейімделгіштіктің механизмдерін атайды

Бейімделгіштіктің 1 механизмін атайды

Бейімделгіштіктің 2 механизмін атайды

Бейімделгіштіктің механизмін атайды

Зерттеуге алынған жануардың мекен ету ортасына байланысты пайда болған бейімделушіліктерін атайды

Зерттеуге алынған жануардың мекен ету ортасына байланысты пайда болған 1 бейімделу түрін атайды

Зерттеуге алынған жануардың мекен ету ортасына байланысты пайда болған 2 бейімделу түрін атайды

Зерттеуге алынған жануардың мекен ету ортасына байланысты пайда болған 3 бейімделу түрін атайды

барлығы:

Максималды балл мөлшері

12 балл

3-қосымша

1-тапсырма. Графикті мұқият талдаңыз.

(а) Графикте берілген жануарлардың белсенділігінің дене температурасына тәуелді екендігін сипатта.

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

2-тапсырма. Суретті талдаңыз.

Берілген ағзалардың мекен ету ортасына байланысты бейімделушіліктері қандай? ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

3-тапсырма. Мысалдарды үш топқа жіктеңіз

  • Ұшатын құстар сүйегінің жеңіл болуы
  • Ұя салу үшін торғайдың түрлі материалдарды пайдалануы
  • Жыртқыштан жасырынып, құтылып кету
  • Сүтқоректілер мен балықтардың сүйірленген денесінің болуы
  • Қараңғы үңгірде тіршілік ететін балықтың ешқандай қызмет атқармайтын қалдық мүшесінің болуы
  • Құстардың ұя салуы
  • Дене температурасында ферменттің ең белсенді жұмыс жасауы
  • Жыртқыштардың өткір азуларының болуы
  • Ұсақ құстардың ағашта жасырынуы
  • Жылуды үнемдеу үшін түлкі аталығының құлағының кішірек болуы
  • Тырналардың жылы жаққа қайтуы
  • Күн ұзақтығының өзгеруінен құс гипофиз гормоны арқылы бағытты анықтауы
  • Құс қауырсының жылуды сақтауға бейімделуі
  • Жылуды шашырату үшін түлкі аналығың үлкен құлақты болуы
  • Кенгуру, егеуқұйрық сияқты шөл жануарларында өте белсенді жұмыстайтын бүйрегінің болуы
  • Түлен/ итбалықта ескектерінің болуы
  • Масаның сілекейінде қанның ұюын болдырмайтын заттың болуы
  • Жанатта қоректі бөлетін саусақтарының болуы
  • Аюдың қысқы ұйқыға кетуі
  • Өсімдік жапырағында шөпқоректілерге қарсы токсиннің жинақталуы
  • Кесірткенің таңғы күнге қыздырылуы
  • Ақ аюлардың аппақ қар түстес болуы
  • Үкінің жақсы көретін көзінің болуы
  • Қосжақтаулы ұлуда су сүзетін сифонның болуы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу