Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4D Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау 8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тиісті терминологияны пайдалана отырып тірі ағзалардың тірі қалу стратегиялары мен популяцияға тән қасиеттерді және популяцияның құрылымын ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Популяция тығыздығы, популяция саны, популяция құрамы, жастық құрам, жыныстық құрам, туылымы мен өлім жітімі, R – стратегиясы, T- стратегиясы, тірі қалу қабілеті Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Популяция тығыздығы...кезде артады. Туылым жоғары болса популяция саны... болады. Өлім жітім кеміген сайын популяция саны ...отырады. Популяцияның жыныстық құрамы...байланысты өзгереді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Популяция санына әсер ететін факторларды қарастыру арқылы химия, популяция санына қатысты есептеулер арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан экожүйе туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға жастық құрам, жыныстық құрам, тығыздық, туылым мен өлім жітім, популяция саны, популяция сөздері таратылып беріліп осы сөздердің популяциямен байланысын анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң мұғалім сабағымыз не туралы болуы мүмкін деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады. | 1 -2 слайдтар 1 - қосымша
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалім популяция құрылымы мен қасиеттерін сипаттап шағын түсіндірме береді. Таныстырылымда түсіндіру кезінде оқушыларға сұрақтар қойып, олардан мысалдар келтіруді сұрау арқылы белсенді әңгіме жүргізіледі. Оқушыларға тірі қалу стратегиялары туралы ақпаратпен танысу ұсынылады. Мұғалім оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліп шығармашылық тапсырма орындауды тапсырады. Ол үшін:
Оқушылар бұл жұмысты орындау үшін таныстырылым, видеоматериалдар, ақпараттарды пайдалана алады. Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт беріп, сұрақтар қойып тиісті кері байланысты ұсынады. | 2 - қосымша 3-16 слайдтар | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. | 3- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс ...жеңіл болды ….қиын болды Мен ...үйрендім Маған... қызықты болды | 17-слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлерін ұсыну арқылы Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі арқылы Жұмыс парағындағы тапсырмаларға оқушылардың талдау жинақтау деңгейлерінде жұмыстап өз білімін көрсетуіне мүмкіндік жасалған. Кейбір оқушылардың қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып өз білімін тереңдетуге мүмкіндік беру арқылы Қосымша тапсырма орындау арқылы (4-қосымша) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылар өзара бағалау арқылы Ауызша түсіндірмелер арқылы Шығармашылық тапсырма арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?