Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Популяциялардың негізгі сипаттамалары:

1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;

  • 2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
  • 3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;
  • 4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
  • 5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
  • 6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
  • 7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;
  • 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша қатынасы

Тіршілікті сақтаудың екі түрлі стратегиясы бар.

R-стратегия- белгілі бір уақыт аралығында неғұрлым көп ұрпақ қалдыру мүмкіндігі. Олар ұрпағына қамқорлық көрсетпейді. Мысалы: шыбын 5 млн жұмыртқа салады, балықтар миллиндаған уылдырық шашады.

К-стратегия- өте аз ұрпақ қалдыра отырып, оларға қамқорлық жасау. Ағза неғұрлым қарапайым болған сайын олардың есеюі жылдам жүреді. Мысалы, тышқан жылына үш рет он күшіктен әкеледі,тышқан күшіктері 3 аптада есейіп, өз бетімен өмір сүреді. Көп күшіктер жойылады, егер бұлай болмағанда әлемді тышқандар жаулап алған болар еді. Ал ірі жануарларда ұрпақ саны саны аз болады және ұзақ уақыт ата-анасының қарауында болады. Ата-анасы ұрпағын тіршілік етуге бейімдейді, мысалы ұшуға, жүзуге, қорегін аулауға үйретеді.Осыған қарамастан олардың ұрпағының өлім-жітімі 60-70% құрайды. Шимпанзе мен піл өз өмірінде 10-15 ұрпақ әкеледі, олардың 7-12 өлімге ұшырайды, қалғандары есейіп ұрпақ жалғастырады. Табиғат апаттары мысалы жер сілкінісі, жанартау атқылауынан кейін сол жерге ең бірінші болып R-стратегиялы ағзалар қоныстанады. Біртіндеп оларды К-стратегиялы ағзалар ығыстырады.

2. Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың жұмысын жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Сабақ барысында кейбір оқушыларға популяцияны моделдеп көрсетіп, ауызша сипаттама беру тапсырмасын орындатуға болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Популяция құрылымдарының өзгеруінен популяция тығыздығы мен санының өзгеретінін және популяцияның тұрақтылығын сақтауы экожүйедегі тұрақтылықтың сақталуы үшін маңызды екенін түсінулері маңызды.

Оқушылардың популяция құрылымдарының популяция санына әсеріне талдау жасап түсіндіре білулері маңызды.

Ағзалардың тірі қалу стратегияларына мысалдар келтіріп, олардың тірі ағза үшін артықшылығы мен кемшілігін бағалай білулері қажет.

  • Саралау тапсырмалары

3-қосымшада ұсынылды.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Торкөз

A6

B3

D2

E10

G1

G6

G9

I2

I8

J5

Жалпы

Күнбағыс саны

3

4

1

0

3

1

2

2

4

3

23

Популяция тығыздығы: 23/10=2,3

2-тапсырма. 1. Абиотикалық факторларға: ауа температурасы, ылғалдылық, жарық қарқындылығы, топырақ рН, топырақ құрамы

Биотикалық факторларға: өсімдікқоректі жануарлар, адам, паразит жәндіктер

  • Орман шетінде жол салынатын болса көлік түтіні, желдің әсерінен шаңның тұруынан, ауаның құрғауынан болып күнбағыс популяциясының саны кемиді, тығыздығы төмендейді.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Популяцияның тығыздығы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/qorshahan-ortadahy-ahzalar/lesson/tur-aralyq-qatynas



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу