Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

  • Популяция— белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
  • Осы топтың популяция болып есептелуі үшін:
  • тарихи қалыптасқан ареалы
  • үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
  • сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы;
  • бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс.
  • Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы)
  • динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді.

Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады.

Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді.

Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады

Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:

1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;

2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;

3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;

4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;

5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;

6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;

7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;

8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату

Популяция құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді.

Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады.

Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:

Популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны;

Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны;

Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;

Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;

Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;

Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.

Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы - популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.

  r-стратегия

 К-стратегия

Көбею жылдам өтеді( аз уақытта көп ұрпақ пайда болады)

Көбеюі баяу өтеді( ұзақ уақыт аралығында жаңа ұрпақ аз пайда болады)

Көбею жылдамдығы популяция тығыздығына тәуелдлі емес

Көбею жылдамдығы популяция тығыздығына тәуелдлі

Энергия мен зат бірнеше ұрпақ арасында бөлінеді, беріледі

Энергия мен зат кейбір ұрпақтардың арасында жиналады, ата аналары өз ұрпақтарына қамқор болады

Популяция өлшемі кейбір кезде қоршаған ортаның сыйымдылығынан артады

Популяция өлшемі бір қалыпты деңгейге жақын

Берілген аймақта түр бір қалыпты болмауы

Берілген аймақта түр бекінген болады

Тез таралады

Баяу таралады

Көбею жолы көп энергия мен заттың жоғалтуымен жүреді

Көбею жолы көп энергия мен затты қажет етпейді. Алайда , көп энергия бір дараны сақтап қалу, тіршілік ету үшін көп жұмсалады

Даралар ұсақ болады

Даралар ірі болады

Даралар өте аз уақыт тіршілік етеді

Даралар өте ұзақ уақыт тіршілік етеді

Мекейндейтін орны ұзақ сақталмайды

Нақты мекен орталары болады

Әлсіз бәсекелер

Күшті бәсекелер

Қорғану қабілеттері жақсы дамымаған

Қорғану механизмдері жақсы дамыған

Қоршаған ортанын өзгергіштігіне жақсы бейімделген

Мекен ортада тіршілік етуге бейімделушілігі жоғары

2- қосымша

1-тапсырма: Көрсетілген аумақтағы күнбағыс популяциясының мөлшері мен тығыздығын өлшеп баға беріңіз.

  • Аумақтағы әрбір нүкте бір күнбағысты білдіреді.
  • Бір торкөздің мөлшері - 1 м2.
  • Торкөздер кездейсоқ тәртіпте таңдалған.
  • Торкөздерде толық және жартылай орналасқан күнбағысты санаңыз.
  • Кестені толтырыңыз.

Торкөз

A6

B3

D2

E10

G1

G6

G9

I2

I8

J5

Жалпы

Күнбағыс саны

Таңдалған аумақтағы күнбағыс популяциясының тығыздығын анықтаңыз

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

2-тапсырма: Тропикалық ормандағы күнбағыс популяциясына әсер ететін абиотикалық және биотикалық факторлардың тізімін құрыңыз

  • …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………
  • Егер де осы орманның шетінде оның көп бөлігін қамтыған үлкен тррасса жолы болса күнбағыс популяциясы қалай өзгерер еді?

……………………………………………………………………….……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

3-тапсырма. Төменде Қазақстан Республикасының шөлді аймағы мен қарағайлы орманды аймағының суреті бейнеленген

1. Осы екі аймақтың абиотикалық факторларын салыстыра отырып, әр аймақта мекен ететін 2 тірі ағзаға мысал келтіріңіз

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Осы екі аймақта тіршілік ететін ағзалардан бір-бір мысал таңдап алыңыз. Олардың өз тіршілігін сақтау қалу стратегияларын түсіндіріңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3- қосымша

K - стратегиясы және R- стартегиясы болатын ағзаларға мысалдар келтіріңіз

Тірі қалу стратегияларының артықшылығы мен кемшіліктерін бағалаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу