Маңызды іріктемелер мен қолтұқымдар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Маңызды іріктемелер мен қолтұқымдар (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тиісті терминологияны қолдана отырып, қазақстанда кездесетін құнды іріктемелер мен қолтұқымдарды ауызша жазбаша сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: ауруларға қарсы тұрушылық, суыққа төзімділік, ауылшаруашылық дақылдары, жабайы, қолға үйретілген жануарлар, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар, күріш, тары, бидай, қарабидай, қарақұмық, жүгері, тамыржемістер ахалке, Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бұршақтұқымдастардан ше? қарабидай? күріш? Бұршақтұқымдастар/жүгері/дәнді дақылдар//тары қай жерде өсті/өсірілді? Күріш ... өсірілді. Бұршақтұқымдастар ... өсірілді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Зерттеу жұмысы кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады. Қазақстандық еңбек ерлері мен қоғам қайраткерлері: Кәрім Мыңбаев, Шығанақ Берсиев, Ыбрай Жақаев еңбектерін қарастыру арқылы жаһандық азаматтыққа баулу жүзеге асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Еліміздегі селекцияның тарихына байланысты түсініктер мен деректер арқылы тарих пәнімен, өсімдік іріктемелері мен жануар қолтұқымдарының таралуы туралы білім арқылы география пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырата алулары керек. 7-класс курсы бойынша «Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік» бөлімі бойынша оқушылар адамның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерін зерттейді, мысал келтіреді. 8-сыныптағы «Өсу мен даму» курсынан өсімдіктердің көбею тәсілдері туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Кәрім Мыңбаев – қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылым докторы академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен жұмыс жолдарын бастады. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Мыңбаев көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың өнімділігін арттыру үшін оны тек суармалы жерлерде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарының тәлімі жерлерінде де егуге болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ Мыңбаев Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық-селекциялық жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым болып саналады. Оқушылардың жауаптарынан соң сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушыларға топта Қазақстан территориясындағы әртүрлі астық дақылдары мен үй жануарларының қолтұқымдарын зерттеу тапсырмасы ұсынылады. 1-топ: Қазақстанда шығарылған қара мал қолтұқымдары 2-топ: Бидай іріктемелері 3-топ: Қой қолтұқымдары 4-топ: Жылқы қолтұқымдары 5-топ: Алма іріктемелері 6-топ: Кез келген басқа іріктемелер Оқушылар өз бетінше интернет көздері, оқулықытарды пайдалана отырып ақпарат жинақтап, нәтижені таныстырылым, кластер, постер түрінде немесе ауызша таныстырады. Бағалау критерийіне сай құрылған дескрипторлар бойынша бойынша өзара бағалау Мұғалім әр топтың зерттеу жұмыстарын жүргізу , рәсімдеуіне тиісті кері байланыс ұсыныстары Критерий: қазақстандағы құнды іріктемелер мен қолтұқымдарды сипаттайды Дескрипторлар:
| қосымша 3-9 слайдтар | ||||
27-36 мин | <<Досыма хат>> еркін жазу. Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын осы сабақ туралы достарына хат жазу ұсынылады. Сабақтың соңында оқушылар қалауы бойынша өз хаттарын оқып жалпы қорытынды жасалады. | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Мен ...білдім. Мен...түсіндім. Мен өмірде...қолданамын. |
| ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Қабілеті төмен оқушыларға дайын ақпараттық парақшаларды ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген. Бұл зерттеу жүргізуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Анағұрлым қабілетті оқушыларға іріктемелер мен қолтұқымдарды алуда қолданылған селекциялық әдістер туралы қосу тапсырмасын ұсынуға болады. Оқушылардан өздері зерттеген жануарларға қоршаған ортадағы өзгерістің,мысалы, климаттың өзгеруі, қалай әсер етуі мүмкін екендігін болжауды сұрауға болады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Белгілі бір оқушыларға зерттеу нәтижесін рәсімдеп дайындау барысында олардың түсінгендігін анықтауға арналған сұрақтарды қою мүмкіндігі болады. Мысалы, бір қолтұқым немесе іріктемені сипаттап, оның маңызын түсіндіруді сұрау арқылы Бұл мүмкіндікті сыныптас оқушылардың зерттеу жұмыстарын бағалау үшін пайдалануға болады. | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Зерттеу жүргізу кезінде абай болу. Зерттеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?