Гүлді өсімдіктердің қос ұрықтануы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
Қосарлы ұрықтану
ТӨМЕНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНЕ ОРЫНДАҢДАР.
Тапсырма 1. «Қосарлы ұрықтану» мәтінімен таныспас бұрын төмендегі суретпен танысыып ал.
Тапсырма 2.Мәтінді оқып, мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беріңдер.
Тозаң екі гаплоидты (хромосомалар жиынтығы тақ, 1n) жасушалардан тұрады. Ол жасушаларға вегетативті және генеративті жасушалар жатады. Тозаңның интинна (ішкі, жұқа) және экзина (сыртқы, қалың) қабықтары бар. Генеративті жасушадан екі спермия (аталық жыныс жасушасы) түзіледі, ал вегетативті жасушадан тозаң түтігі түзіледі.
Сұрақтар:
- Тозаңның қандай қабықтары бар?
- Тозаң қандай жасушалардан тұрады?
- Спермия қандай жасушадан түзіледі?
- Спермия дегеніміз не?
- Тозаң түтігі қандай жасушалардан түзіледі?
- Спермия гаплоидты ма әлде диплоидты ма?
Тапсырма 2. Мәтінді оқып, мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беріңдер.
Тұқымбүршікте ұрық қапшығы болады. Ұрық қапшықта келесідей жасушалар болады: гаплоидты 6 жасуша (оларға 1 жұмыртқажасуша, жұмыртқажасушаның жанындағы 2 қосымша жасуша (синергида), және үш антипод жасушалары), және 1 диплоидты жасуша (орталық жасуша) жатады.
Сұрақтар:
- Ұрық қапшығында қанша жасуша болады?
- Ұрық қапшығындағы диплоидты жасушаны ата.
Тапсырма 3. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қосарлы ұрықтану.Тозаң аналықтың аузына түседі. Аналықтың аузы қантты жабысқақ сұйықтық бөледі, бұл тозаңды жыбыстыруға қажетті. Тозаң ісінеді және вегетативті жасуша тозаң түтігіне айналады. Бұл тозаң түтігі аналық аузы, сосын аналық мойны арқылы өтіп, аналық жатынына жетеді де тозаң жолы арқылы ұрық қапшығына өтеді. Сол кезде екі спермияның біреуі орталық жасушамен, ал екінші спермия жұмыртқажасушамен қосылып, жұмыртқажасушаны ұрықтандырады. Нәтижесінде, спермияның орталық жасушамен қосылуынан триплоидты (3n) эндосперм, ал екінші спермияның жұмыртқажасушамен қосылуынан диплоидты (2n) зигота түзіледі. Зиготадан жаңа өсімдік түзіледі, ал эндосперм сол зиготаны қоректендіруге пайдаланылады.
Сұрақтар:
- Қосарлы ұрықтану үрдісін өз сөзіңмен сипаттап жаз.
- Мәтіннен гаплоидты, диплоидты, триплоидты жасушаларды тауып жаз.
- Эндосперм не үшін түзіледі.
- Зиготадан не дамиды?
Тапсырма 4.Төмендегі мәтінді оқып, өзіңе маңызды деген мәліменттің астын екі сызықпен сыз.
Осыдан гүлді (жабықтұқымды) өсімдіктердің ұрықтаны кезінде, екі спермияның біреуі жұмыртқажасушамен қосылады, ал екінші спермия орталық жасушамен қосылады, сондықтан осы үрдісті ҚОСАРЛЫ ҰРЫҚТАНУ деп атайды.
Қосарлы ұрықтану тек ГҮЛДІ өсімдіктерге ғана тән.Ашықтұқымды өсімдіктерде қосарлы ұрықтану БОЛМАЙДЫ, оларда тек 1 спермий болады.
Қосарлы ұрықтануды 1898 жылы орыс ботанигі С. Г. Навашин ашты.
Тапсырма 5. Қосарлы ұрықтану не үшін керек деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.
Тапсырма 6. Қосарлы ұрықтанудың маңызын анықтау үшін, ноутбукты пайдалана отырып ғаламтордан жауапты тап, өзіңнің Тапсырма 5 берген жауабыңмен салыстыр, қажет болса толықтыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?