Сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар.Гаплоидті және диплоидті хромосомалар жиынтығы. Биология, 8 сынып, презентация.


Сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар. Гаплоидті және диплоидті хромосомалар жиынтығы

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаты:

8.2.2.4 сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар санындағы айырмашылықтарды түсіндіру

Бағалау критерийлері:

«соматикалық жасуша», «жыныс жасушалар», «диплоидтық жиынтық», «гаплоидтық жиынтық» терминдерге анықтама береді.

сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар санын салыстырады

сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар санындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.

Сомалық жасушалар жыныс жасушаларынан несімен ерекшеленеді?

Ағзамыздың барлық жасушаларысомалық жасушаларында хромосомалардың диплоидты (толық) жиынтығы болады. Жоғарыда айтылғандай, адамда 46 хромосома болады. Ал жыныс жасушаларында (сперматозоидтер, жұмыртқа жасушалары) хромосомалардың саны екі есе аз болады. Олар хромосомалардың гаплоидты (жартылай) жиынтығын құрайды, яғни 23 хромосомасы болады.

Гаплоидты аналық жасуша (жұмыртқа жасуша) +гаплоидты аталық жасуша (сперматозоид) = Зигота (диплоидты сан)!

23+23=46

Ұрықтану кезінде жасушалардың гаплоидті хромосома жиынтығын түзуінің маңыздылығы неде?

Терминология/Анықтамалар

Соматикалық жасуша - көпжасушалы ағзалардың денесін құрайтын және жыныстық көбеюге қатыспайтын жасушалар. (Тері жасушасы, ас қорыту мүшелерінің жасушасы, жүйке жасушасы)

Жыныс жасушалары (гаметалар) – гаплоидты (сыңар) хромосомалар жиынтығы бар және жыныстық көбеюге қатысатын жасушалар. (Сперматозоид, жұмыртқа жасуша)

Диплоидтық жиынтық дене жасушаларындағы хромосомалардың толық жиынтығы(2n). Мысалы, адамда - 46 хромосома

Гаплоидтық жиынтық – жыныс хромосомалардың жартылай жиынтығы(1n). Мысалы, адамда - 23 хромосома

Жыныс хромосомалары жөніндегі бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=10jk6mTY1ew

Тапсырма:

Тапсырма:

Жыныстық хромосомаларда гаплоидті жинақ, ал соматикалық

хромосомаларда диплоидті екені белгілі. Аналық жасушасы 23

хромосомадан құралғаны айқын. Мына жасушалардағы хромосомалардың

санын анықтаңыз:

-Бұлшықет жасушасы (сомалық, диплоидты)

-Сперматозоид (гамета, гаплоидты)

-Нейрон (сомалық, диплоидты)

-Ұрықтанған аналық жасуша (сомалық, диплоидты)

-Эритроцит (сомалық, диплоидты)

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу