Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Митоздың биологиялық маңызы

  • Генетикалық тұрақтылық. Митоз нәтижесінде хромосома саны бірдей екі ядро пайда болады. Бұл жасушалар ата-анасының ДНҚ- сының көшірілуі нәтижесінде пайда болғандықтан генетикалық ақпараттары бірдей, яғни түзілген жасушаларда генетикалық тұрғыдан ешқандай өзгеріс болмайды. Генетикалық тұрақтылықты сақтау мүмкін болады.
  • Өсу. Жасушалардың митоздық бөлінуі нәтижесінде дене жасушаларының саны артады. Сондықтан көпжасушалы ағзалар өседі.
  • Жасушалардың жаңаруы. Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген және жойылған жасушалар қалпына келеді. Мысалы, тері жарақаты кезінде
  • Регенерация. Кейбір жануарлар өздерін қорғау үшін дене бөлімдерін үзіп тастай алады, мысалы шаянтәрізділер аяқтарын, теңіз жұлдызы өзінің бір бөлігін, кесіртке құйрығын тастайды. Осы дене бөліктері жасушалардың митоздық бөлінуі арқылы қалпына келеді.
  • Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею кез-келген ата-ананың біреуінің жасушаларының митоздық бөлінуінің нәтижесінде ұрпақ беруі. Бұл қарапайым бір жасушалылардың көбею түрі.
  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың жұмысын сыныптағы оқушы санына қарай жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Митоздың тірі ағзалардың өсуіндегі рөлін түсіндірген кезде адамның мүшелерінің мөлшері мен салмағының артатынына тоқталуға болады. Митоз арқылы тек сомалық жасушалардың бөлінетін түсіндірген кезде оқушылар алдыңғы сыныптан алған гаплоидты және диплоидты жиынтық туралы білімдерін қолдана алады. Гаплоидты жасушалардың тек мейоз арқылы көбеюінің себебі олардың ата-анадан жынысты көбеюі кезінде қосылып зиготаны түзуіне байланысты деген қорытынды шығарылады. Оқушылар сабақ барысында видеоматериалдарды пайдалана алады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың митоз бен мейоздың айырмашылықтарын білулеріне басты назар аударылады. Оқушылар митоз бен мейоздың биологиялық маңызын жете түсінулері тиіс. Сонымен қатар жыныссыз және жынысты көбеюдің жануарлардың әртүрлі өкілдерінде жүрілу жолдарын түсіндіре алулары маңызды. Оқушылар жыныссыз көбеюге қарағанда жынысты көбеюдің артықшылықтары бар екенін түсінулері маңызды.

  • Саралау тапсырмалары

Сілтеме бойынша ұсынылды.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/ahzalardyng-birkelkiligi-men-aluan-turliligi/lesson/zhynyssyz-kobeyu

2-қосымшада тереңдетілген ақпарат ұсынылды.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

2-тапсырма:

Жыныссыз көбею:1, 2, 3.

Жынысты көбею:1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9.

Жануар түрлері:

  • Гидра
  • Кірпікшелі кебісше
  • Жасыл эвглена
  • Өрмекші
  • Балық
  • Кесіртке
  • Тасбақа
  • Бүркіт
  • Қой

3-тапсырма:

Жынысты көбеюдің артықшылықтары:

1. Бірегей даралардың пайда болуын қамтамасыз ету. Зигота екі ата-ананың да белгілерін алады.

2. Ағзалардың тірі қалуын қамтамасыз етеді. Жынысты көбею кезінде ата –ана ағзамен генетикалық тұрғыдан бірдей ұрпақ алынбайды. Сондықтан тірі ағзалардың ұрпақтары көбінесе ата-енесіне қарағанда орта жағдайларына жақсы бейімделген болып келеді.

3. Популяциядағы әлсіз әрі нашар гендерді жояды. Ағзаға маңызды пайда келтірмейтін кейбір белгілер ұрпаққа берілмеуі мүмкін. Ондай гендерде сақталған белгілер жарыққа шықпайды.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Жұмыртқадан тірі туу

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/ahzalardyng-birkelkiligi-men-aluan-turliligi/lesson/zhumyrtqa-basu-tirilej-zhumyrtqalau-tiri-tuu

Омыртқалылардың көбеюі

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/ahzalardyng-birkelkiligi-men-aluan-turliligi/lesson/zhanuarlar-qalaj-kobejedi

Жасушаның бөлінуі: Митоз

https://twig-bilim.kz/kz/film/cell-division-mitosis



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу