Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. Биология, 8 сынып, презентация.


Жарақаттар қалай қалпына келеді?

Осы екі үдерістің қандай ортақтығы бар?

Тері жарақаты Бойдың өсуі

Сабақтың тақырыбы:

Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.

Жануарлардың көбею түрлері.

Сабақтың мақсаттары:

- тірі ағзалар тіршілігіндегі митоз және мейоздың маңызын түсіндіру;

жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру.

Бағалау критерийлері:

- митоз бен мейоз үдерістеріне анықтама беру;

- митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру;

- жануарлардың жыныссыз көбею жолдарын сипаттау;

- жануарлардың жынысты көбею жолдарын сипаттау.

Жыныссыз көбею жолдары

Бинарлы бөліну немесе амитоз:

амеба, бактериялар

Бүршіктену: гидра, өсімдіктер, ашытқы саңырауқұлағы

Өсімді көбею: тамырсабақ, түйнек, жапырақ, өркен арқылы: өсімдіктерде,

мицелий арқылы - саңырауқұлақтарда

Қарапайым бөліну-амитоз

Бактерияның бөлінуі

Амеба мен жасыл эвгленаның бөлінуі

МИТОЗ

Өсу – жасушалардың көлемі мен салмағының үлкеюі

Даму – жасушалардың жасының өзгеруі

Митоз- генетикалық тұрғыдан және хромосомалық жиынтығы аналық жасушамен бірдей диплоидты екі еншілес жасушаның түзілуі.

МИТОЗ Маңызы:

Ағзаның өсуі

Жарақаттанған ұлпалардың қалпына келуі

Ескірген жасушаларды ауыстыру

Жыныссыз көбею

Митоздың биологиялық маңызы

Өсу. Жасушалардың митоздық бөлінуі нәтижесінде дене жасушаларының саны артады. Сондықтан көпжасушалы ағзалар өседі.

Жасушалардың жаңаруы. Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген немесе жойылған жасушалар қалпына келеді. Мысалы, тері жарақаты кезінде

Регенерация. Кейбір жануарлар өздерін қорғау үшін дене бөлімдерін үзіп тастай алады, мысалы шаянтәрізділер аяқтарын, теңіз жұлдызы өзінің бір бөлігін, кесіртке құйрығын тастайды. Осы дене бөліктері жасушалардың митоздық бөлінуі арқылы қалпына келеді.

Митоздың биологиялық маңызы

Генетикалық тұрақтылық. Митоз нәтижесінде хромосома саны бірдей екі ядро пайда болады. Бұл жасушалар ата-анасының ДНҚ- сының көшірілуі нәтижесінде пайда болғандықтан генетикалық ақпараттары бірдей, яғни түзілген жасушаларда генетикалық тұрғыдан ешқандай өзгеріс болмайды. Генетикалық тұрақтылықты сақтау мүмкін болады.

Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею кез-келген ата-ананың біреуінің жасушаларының митоздық бөлінуінің нәтижесінде ұрпақ беруі. Бұл қарапайым біржасушалыларда жүрілетін көбею түрі.

Мейоз

Жыныс жасушаларының бөліну жолы.

Хромосоманың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты хромосом жиынтығы бар төрт жасушаның пайда болуы.

Гаметаның түзілуі-мейоз

Диплоид және гаплоид

митоз мейоз

Гидраның жыныссыз жолмен бүршіктеніп көбеюі

Гидраның жынысты жолмен көбеюі

 

Жыныссыз және жынысты көбею жолдарын салыстырыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу