Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Көбею | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру 8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттары Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Митоз, мейоз, еншілес хроматидтер, жасушаның тіршілік циклі, гаметалар, диплоидты, гаплоидты хромосома жиынтығы, бөлшектену, вегетативті көбею, партеногенез. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Митоз (мейоз) –бұл ...жасушаның бөлінуі, осы кезде ... Митоздың нәтижесінде...жасуша пайда болады. Митоздың (мейоз) нәтижесінде ... Митоздың (мейоз) биологиялық маңызы ... Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерекшеленеді ... Бөлшектену ...жануарларда жүреді. Партеногенез ...көбею тәсіліне жатады. Жынысты көбею тәсіліне ... жатады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Жануарлардың таралуы туралы түсініктер арқылы география пәнімен, көбеюдің популяция санының өзгеруіне әкелуі туралы қарастыру арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 6 сыныптан жаратылыстану курсынан өсу мен даму арасындағы айырмашылықты, жыныссыз және жынысты көбеюді, 7-сыныптағы «Көбею» тарауынан өсімдіктің жыныссыз және жынысты көбеюін, өсімдіктегі вегетативті көбею тәсілдерін, хромосомадағы ДНҚ –ң генетикалық материалының рөлін, жыныстық және сомалық жасушалардағы хромосома санын, ағзалардың өсу және даму үдерістерін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға тері жарақаты мен адамның өсуінің суреттері көрсетіледі. Осы жарақаттар қалай қалпына келеді, осы екі үдерістің қандай ортақтығы бар?деп талқылау жүргізіледі. Жарақаттанған терінің аз уақыт ішінде қалпына келуінің себебі сұралады. Ол қалай жүзеге асырылатыны туралы жауаптар тыңдалған соң жаңа ағзаның ұрпақ беру жолы талқыланады. Осы екі үдерістің арасында қандай айырмашылық болатынына тоқталу қажет. Оқушылар көбеюдің жыныссыз жолына мысалдар келтіре алады. Талқылаудан соң ағзалардың тіршілігіндегі көбеюдің маңызы және көбею жолдарына назар аударылып, сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Оқушыларға сабақтың бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушыларға митоз бен мейоздың маңызы туралы ақпарат ұсынылады. Оқушылар ақпаратты пайдалана отырып, митоз бен мейоздың маңызын ауызша сипаттайды. Оқушылар митоз және мейоздың маңызы туралы қысқаша сипаттамалар жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылардан митоз бен мейоздың маңызы туралы жазған сипаттамаларды оқу сұралады.
Критерийлер:
Оқушыларға тізімдегі жануарлардың бөлінуін жыныссыз және жынысты көбею деп екі топқа бөлу тапсырмасы ұсынылады. Жануар түрлері: гидра, кірпікшелі кебісше, теңіз жұлдызы, жасыл эвглена, актиния, балық, кесіртке, тасбақа, бүркіт, қой. Оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді. Оқушылардан көбеюдің жынысты және жыныссыз түрлерінің айырмашылықтарын атау сұралады. Мұғалім таныстырылымда жануарлардың көбеюінің әр түрлі тәсілдерін көрсетіп, оқушылардан әрбір тәсілді сипаттауды сұрайды. Оқушылар жануарлардың көбею жолдары туралы ақпараттар қойылған станцияларды аралай жүріп жануарлардың көбею тәсілдерімен танысады. Критерий:
жануарлардың жынысты көбею жолдарын сипаттау. Дескрипторлар: | 1-3 қосымша 4- слайд | ||||
27-36 мин | Оқушыларға жұпта Венн диаграммасында жыныссыз және жынысты көбею жолдарын салыстыру тапсырмасы беріледі. | 11-12 слайд | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс ...туралы түсіндім ...туралы түсінбедім ... туралы сұрағым бар | 13 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы Дескрипторлар арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Ақпаратпен танысу үшін «галереяға саяхат» жасау кезінде абай болу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?