Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Көбею түрлері.
Өсімдіктер сияқты жануарлар жыныссыз және жынысты көбейеді.
Жыныссыз жолмен көбейгенде ұрпақ бір ғана ағзаның денесінен пайда болып, өсіп, дамып, жетіліп, өздігінен тіршілік ете алады. Мұндай көбеюдің мысалдарымен сендер өсімдіктерді оқығанда таныстыңдар.
Жыныссыз жолмен көбею жануарлар әлемінде де көп кездеседі. Мысалы: эвглена, амеба сияқты біржасушалы қарапайымдардың көбеюін еске түсірелік. Бұлардың әрқайсысы екіге бөлінуі арқылы көбейеді.
Жыныссыз жолмен көбею формалары:
- Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.
2.Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.
3.Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
5.Бүрмелену немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы. Ішек қуыстылар ,жалпақ құрттар, теңіз жұлдызы.
Бүршіктену арқылы көбею
Суқоймаларында қоректік зат көп болатын мезгілінде гидра бүршіктену арқылы көбейед. Ең алдымен, денесінде бүршік пайда болады. Ол біртіндеп ұзарып өседі қармалауыштар, ауыз пайда болады. Жас гидра алғашқы кезде аналық гидра есебінен қоректенеді. Жетілген соң одан үзіліп, өз алдына тіршілік етеді. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюін бүршіктену дейді.
Жануарлар жынысты жолмен көбею кезінде міндетті түрде екі жыныс жасушасы: аналық жыныс жасушасы қатысады. Аналық гамета (жұмыртқа) мен аталық гамета (сперматозоид) өзара қосылып, жаңа бір жасуша зигота түзіледі.
Көпжасушалы жануарлардың көбеюі
Гидра жынысты жолмен де көбейеді. Күз басында гидра денесінің сыртқы эктодерма қабатында ерекше төмпешіктер пайда болады. Бұл төмпешіктердің біреуінде жұмыртқажасушасы, екіншісінде сперматозоид дамиды. Пісіп-жетілген аталық жыныс жасушалар – сперматозоидтар суға төгіледі. Суда қозғалып жүрген сперматозоид басқа бір гидраның төмпешігіне еніп жұмыртқа жасушасымен қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының сырты қалың қабықшамен қапталады. Одан жас гидралар сыртқа шығып, тіршілік ете бастайды.
Өрмекшілер – дара жынысты жәндіктер. Айқышты өрмекшінің аналығы аталығынан ірілеу болады. Айқышты өрмекші күзде нәзік өрмектен тоқылған пілдеге ұрықтанған жұмыртқа салады. Пілдені ағаш қабығының арасына, тас астына және т. б. сондай оңаша, таса жерлерге орналастырады. Күзде аналық өрмекшілер өледі. Жұмыртқалары жылы пілдеде қыстап, көктемде одан жас өрмекшілер шығады.
Балықтардың көбеюі
Балықтар– дара жынысты. Аналық ағзада уылдырық деп аталатын өте ұсақ жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықта сперматозоидтар пісіп жетіледі. Жыныс бездері жетілген соң балықтар уылдырықтарын шашады.
Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, ішінде сперматозоидтары бар сұйықтығын төгеді. Талшықты сперматозоидтар уылдырықтармен қосылып, оларды ұрықтандырады. Ұрықтанған уылдырықтан ұрықтың одан әрі дамуы басталады.
Қосмекенділер көбеюі
Ұрықтану көпшілік жағдайда сыртта суда өтеді. Кейбір түрлерінде (тритондарда) аталығы спермаларын арнайы қапшықшада (сперматофорда) жинап, содан кейін ұрғашысы клоакасының шетімен жинап өзінің ұрық жолына кіргізіп алады. Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының ішінде болады.
Жорғалаушылар ұрықтың дамуына қолайлы жағдайлары (жылу мен ылғал) бар жерге іштей ұрықтанып жұмыртқалайды. Кесіртке, шаян, тасбақа жұмыртқаларын құм, көң, өсімдік қалдықтары шіріндісінің арасында қалдырады.
Жорғалаушылар жұмыртқасы жылу мен ылғалды айналасындағы ортадан алады. Жорғалаушының жұмыртқасы қоректік затқа өте бай.
Тауық жұмыртқасының ішіндегі ақ уыз бен сары уыз – құс ұрығының әлі жұмыртқадан шықпаған кездегі қорегі болып саналады.
Құстардың көбеюі. Іштей ұрықтанады. Дара жынысты.
Аналықтарда көбею мүшесі бір ғана сол жақ аналық безі түрінде қалыптасқан. Кейбір попугай, жыртқыш құстарда оң жақ аналық безі де болады. Жұмыртқа жолы аналық бездің маңына ашылатын ауызы бар, ұзын түтікше. Оның соңы клоакаға ашылады. Аналық безден шыққан жұмыртқа ұрықтанады. Жұмыртқа жолымен жылжу барысында ұрықтанған жұмыртқа жасушасы сыртынан нәруызды қабықпен қапталып, жатырға жетеді. Сонда ол қатты әктенген қабықпен қоршалады.
Құстардың көбеюінде бірнеше ерекшеліктер бар.Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұяларға салады; 2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады.
Сүтқоректілердің көбеюі кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште ұрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау үшін арнаулы ұя-үйшік жасау4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт қоректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді.Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт коректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді.
2-қосымша 1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып шығаратындар мысалы, үйректұмсықтар.2. Ұрықтанған жұмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жұмыртқадан шыққан жас дара сүт безінен бөлінетін сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.3. Шала тірі туатындар. Олардын, баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының құрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мұндай тәсілмен қалталылар көбейеді.4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды.
3-қосымша
1-тапсырма. Митоз және мейоздың маңызы туралы қысқаша сипаттамалар жазыңыз
.............................................................................................................................................................

2-тапсырма. Екі жануар мысалында жыныссыз және жынысты көбею жолдарын салыстырыңыз.

Критерий:
- жануарлардың жыныссыз көбею жолдарын сипаттау;
- жануарлардың жынысты көбею жолдарын сипаттау.
Дескрипторлар
- Жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің ұқсастықтарын анықтайды;
- Жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің айырмашылықтарды анықтайды;
- Жынысты көбеюдің артықшылықтарын түсіндіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?