Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Көбею

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру

8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру

 Сабақтың мақсаттары

  • тірі ағзалар тіршілігіндегі митоз және мейоздың маңызын түсіндіру;
  • жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру.

 Бағалау критерийлері

  • митоз бен мейоз үдерістеріне анықтама беру;
  • митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру;
  • жануарлардың жыныссыз көбею жолдарын сипаттау;
  • жануарлардың жынысты көбею жолдарын сипаттау.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттары

Оқушылар:

  • жасушаның митоз және мейоз арқылы бөліну жолдарының маңызын;
  • жануарлардың жыныссыз және жынысты көбею жолдарын тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.
  • споралы өсімдіктердің ұрпақтарын сызбада атап көрсетіп жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Митоз, мейоз, еншілес хроматидтер, жасушаның тіршілік циклі, гаметалар, диплоидты, гаплоидты хромосома жиынтығы, бөлшектену, вегетативті көбею, партеногенез.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Митоз (мейоз) –бұл ...жасушаның бөлінуі, осы кезде ...

Митоздың нәтижесінде...жасуша пайда болады.

Митоздың (мейоз) нәтижесінде ...

Митоздың (мейоз) биологиялық маңызы ...

Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерекшеленеді ...

Бөлшектену ...жануарларда жүреді.

Партеногенез ...көбею тәсіліне жатады.

Жынысты көбею тәсіліне ... жатады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Жануарлардың таралуы туралы түсініктер арқылы география пәнімен, көбею арқылы популяция санының өзгеруі туралы қарастыру арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 6 сыныптан жаратылыстану курсынан өсу мен даму арасындағы айырмашылықты, жыныссыз және жынысты көбеюді, 7-сыныптағы «Көбею» тарауынан өсімдіктің жыныссыз және жынысты көбеюін, өсімдіктегі вегетативті көбею тәсілдерін, хромосомадағы ДНҚ –ң генетикалық материалының рөлін, жыныстық және сомалық жасушалардағы хромосома санын, ағзалардың өсу және даму үдерістерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылармен тірі ағзалардың тіршілік етуінің түпкі мақсаты неде сұрағы талқыланады. Әр тірі ағза өзінен кейін ұрпақ қалдыру арқылы жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуын қамтамасыз етеді деген қорытынды шығарылады. Ендеше тірі ағзалар қалай көбейеді сұрағын қою арқылы жануарлардың жыныссыз және жынысты жолдармен көбейетініне назар аударылады. Жасуша қалай көбейеді сұрағы талқыланып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылып, бағалау критерийлері анықталады.

1 -3- слайд

Сабақтың ортасы

4-12 мин

Мұғалім таныстырылымның көмегімен митоз бен мейоздың маңызын түсіндіреді.

Оқушыларға митоз бен мейозбен бөлінетін жасушалардағы хромосома сандары бойынша моделдеп түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.

Митозбен бөлінетін жасушада бастапқыда диплоидты жиынтық болады, ал мейозбен бөлінетін жасушада гаплоидты жиынтық болады. Мысалы, адам жасушалары алынса онда сомалық жасушада 46 хромосома, ал жыныстық жасушада 23 хромосома болуы тиіс. Оқушылар өз моделдерін пайдалана отырып митоз бен мейоздың ерекшеліктерін ауызша сипаттап түсіндіреді.

Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады.

Критерийлер:

  • митоз бен мейоз үдерістеріне анықтама беру;
  • митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру;

4-14 слайд

13-27 мин

Мұғалім таныстырылымда жануарлардың көбеюінің әр түрлі тәсілдерін көрсетіп, оқушылардан әрбір тәсілді сипаттауды сұрайды.

Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім оқушыларға жануарлардың көбею жолдарын топта зерттеу тапсырмасын ұсынады.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

І топ оқушылары балықтардың көбею ерекшеліктерін сипаттайды

ІІ топ оқушылары қосмекенділердің көбею ерекшеліктерін қарастырады

ІІІ топ оқушылары құстардың көбею ерекшеліктерімен танысады

ІV топ оқушылары сүтқоректілердің көбею ерекшеліктерін талдайды

V топ оқушылары бүршіктену арқылы көбею ерекшеліктерін талдайды

VІ топ оқушылары бүрмелену арқылы көбею ерекшеліктерін талдайды

Мұғалім әр топтың талдауы кезінде бағыттаушы сұрақтар қойып, оқушыларға иісті кері байланысты ұсынады.

15 -16 слайд

1-қосымша

27-36 мин

Мұғалім оқушыларға өздері қалаған екі жануар мысалында жыныссыз және жынысты көбею жолдарын салыстыру тапсырмасын орындауды ұсынады.

1.Жануарлардың көбеюіндегі ұқсастықтар

2.Жануарлардың көбеюіндегі айырмашылықтар

Критерий:

  • жануарлардың жыныссыз көбею жолдарын сипаттау;
  • жануарлардың жынысты көбею жолдарын сипаттау.

Дескрипторлар

  • Жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің ұқсастықтарын анықтайды;
  • Жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің айырмашылықтарды анықтайды;
  • Жынысты көбеюдің артықшылықтарын түсіндіреді.

17- слайд

3-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы

Дескрипторлар арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқушылардың партада дұрыс отыруына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу