Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Ағзаларға шөлді жерлерде тіршілік ету үшін салқын күйді сақтау және мүмкіндігінше суды үнемдеу қажет. Көптеген ағзалар осындай орта талаптарына керемет бейімделген. Мысалы, кактус суды өз сабақтарында сақтайды және булануды азайту үшін оның жапырақтары болмайды. Көп жануарлар далаға тек түнде ауа-райы салқын болғанда шығады және шөл егеуқұйрық сияқтылары суды несеп арқылы аз жоғалтады. Әдетте жануарлар қатты суық кезінде және тауып жейтін тамақтары аз болғанда қыстық ұйқы режиміне ауысады. Олардың белсенділігі төмендейді және азық қорын үнемдеу үшін зат алмасу қарқындылығын төмендетеді. Олар көбінесе тек денесіндегі май қорына сүйенеді.
Ағзалар полярлы аймақтарда өмір сүруге қалай бейімделген?
Өте төмен температура мен тамақ қорының шектелген қорына қарамастан, кейбір ағзалар полярлы аймақтарда өмір сүруге және көбеюге бейімделген. Бұл жерде олар физикалық адаптация көмегімен жылуды аз жоғалтады. Олар терінің, майдың және қауырсындарының көмегімен оқшауланады. Көбінде олардың денесі беттік ауданның көлемге қатынасын азайту үшін үлкен болады. Бұл аймаққа мінез-құлықтық адаптация да тән. Оны олардың жылуды сақтау үшін үйір болып бірігуінен немесе қыстың суық кезеңдерінде өз індерінде қыстық ұйқыда болуларынан көре аламыз. Арктиканың қарында оңай көрінбеу үшін ақ аюлардың терісі ақ түсті болады. Бұл бейімделу оларға жемтіктерін оңай аулауға көмектесіп, олардың тірі қалуына мүмкіншілік тудырады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барыснда жеке басының қауіпсіздігін сақтау ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар ақпаратпен танысу барысында өзара талқылаулар жасаулары тиіс. Мұғалім сұрақтар қойып оқушылардың ақпаратты түсініп алуларына жағдай жасайды.
Эссе жазған кезде оқушылардың нақты фактілер мен дәлелдемелерге сүйене отырып, академиялық терминологияны қолдана білулері талап етіледі.
Бұл сабақ барысында оқушылардың жазбаша жұмысты орындау дағдылары дамытылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылар қоршаған ортадағы температураның өзгерістеріне ағзалардың бейімделу жолдарын сипаттаулары маңызды. Түйе, ақ аю, пингвиннің мысалында терінің дене температурасын сақтаудағы рөлін сипаттайды.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада берілді
Жауабы:
- Сипап сезу рецепторлары теріге сыртқы стимулдар яғни тітіркендіргіштерден келген әсерді қабылдап, сезгіш нейрон арқылы миға сигнал жібереді.
- Ауырсыну рецепторлары терідегі жарақат кезіндегі ауырсынуды сезетіндіктен адам жарақатты емдеу шараларын қолданады.
- Ыстықты сезу рецепторлары қоршаған ортадағы температураның көтерілуін сезіп, сезгіш нейрон арқылы миға сигнал жібереді.
- Суық рецепторлары орта температурасының түсуін сезеді. Онда адам терісіндегі түктер тікірейіп, діріл пайда болуы мүмкін. Салқындау туралы сигналды сезгіш нейрон миға өткізетіндіктен адам дереу жылы киінеді немесе жылы ортаға барады.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Жазбаша және ауызша тапсырмалар болғандықтан жауаптың еркін үлгілері қабылданады.
Бағалау критерийлері |
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Аяздағы тіршілік
https://twig-bilim.kz/kz/film/life-in-the-freezer
Ыстық шөлдегі тіршілік
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?