Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
1. Жануардың денесі неғұрлым үлкен, бұлшық еттері жақсы дамыған болса, соғұрлым жылуды көп жұмсайды. Жануарларда негізгі температуралық бейімделудің жолдары мынадай:
-булану;
- жылуды шашырату (излучение);
- жылуды ұстап қалу немесе артығын ысырап ету.
Қоршаған орта температурасы көтерілгенде тері асты қан тамырлары кеңейіп, іштегі жылу қанмен бірге теріге келеді. Осы кезде тері арқылы судың булануы жүреді де ағза салқындайды. Ал суықта керісінше, қантамырлары тарылып, дененің шеткі бөлігіндегі жылуды ішке қарай жинайды.
2. Жылықанды жануарлар, құстар мен сүтқоректілер дене жылуы тұрақтылығын реттеп отырады. Мәселен, адам, ит және көптеген жануарлар ыстықта көлеңкеде болуға тырысады. Сүтқоректілер және құстар, денесінің сыртқы беті арқылы жылуды көп жоғалтады. Өйткені олардың температурасы қоршаған орта температурасынан жоғары. Көптеген сүтқоректілер мен құстар денесін, үстіртін жиі тынысалу арқылы салқындатады. Мысалы, итте тер бөліп шығаратын без болмағандықтан, ыстықта сілемейлі тынысалу жолы мен тілінің үстіңгі бетінде күшті булану жүреді.
3. Түйе су жетіспегенде денеге жылуды сақтау арқылы оның мөлшерін реттей алады. Таңертең оның дене температурасы 34°С ал түстен кейін 41°С аралығында өзгеріп тұрады. Осылайша түйе күндізгі уақытта жылуды бойына жинағандықтан, суды буландыру арқылы салқындаудың еш қажеті болмайды.
500 кг ауыр салмағы бар түйе дене температурасының 7° - қа артуына төзе алады және шамамен 12 000 кДж жылуды қорға сақтауға бейімделген. Ал денедегі артық жылуды түйе түңгі мезгілде жылуды өткізу, шашырату, тері арқылы бөліп шығарады. Егерде олай болмағанда, түйе денесінен терлеу арқылы салқындату кезінде кем дегенде 5л суды шығындауы керек болар еді. Сонымен қатар оның жүні де судың булануын азайтады.
4. Пингвиндердің көпшілігі дене жылуын арнаулы жылу оқшаулағыш жабындардың (үлбір, қауырсын) және тері астындағы майдың көмегімен сақтайды. Майдың қалың қабаты сырттағы суықты ішке өткізбейді. Олардың денесі жылу оқшаулайтын қалың қауырсындар қабатымен қапталған. Осындай тері жабынының құрылысы күрделі болғандықтан, денені суықтан жақсы қорғайды. Адамда түкті жабын дене жылуын сақтай алмайды, сондықтан суықта жылы киінеді.
5. Ақ аюдың терісі қара, ал жүні түссіз болады. Қыста күнге шағылысып, ақ болып көрінеді. Ақ аюдың жүні майлы болғандықтан, су жұқпайды. Ақ аю суықтан емес, ыстықтан қатты қорқады. Қалың терісі жылуды сыртқа шығармайды, яғни ақ аюлардың терісі арқылы судың булануы төмен. Сол себепті, ақ аюлар суық суға түскенді ұнатады. Тері бетіндегі жүні ақ аюдың денеден жылуды жоғалтпауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар түк ішінде ауа толтырылған қуыстардың болуы жылуды ұстап тұруға көмектеседі. Ақ аюдың терісінің астындағы 10 см қалың май қабаты да оның суыққа төзімділігін арттырады.
6. Терморецепторлар қоршаған ортадағы температураның өзгеруін сезу арқылы жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтауға көмектеседі. Дене температурасының жоғарлау ағзадағы нәруыздардың денетаруациясына әкелетіндіктен ағза үшін қауіпті болып саналады. Теріде ыстық пен суықты сезетін жүйке ұштары-терморецепторлары орналасқан. Олар ортадағы температураның өзгерісі туралы сигналды миға жібереді. Ми сәйкес өзгерістер арқылы дене температурасын реттейді.
2- қосымша
Тапсырма. Терідегі рецептор түрлерін зерттеніз. Әр рецептордың маңызын қысқаша сипаттаңыз.
.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?