Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3D Координация және реттелу | Мектеп: | |||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы | Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.7.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің рөлін сипаттау | |||
Сабақтың мақсаттары |
| |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі, терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуін тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттап түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Терморецептор, жылудың реттелуі, жылықанды, салқынқанды жануарлар, Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Майдың қалың қабаты сырттағы ... ішке өткізбейді. Ақ аюдың жүні ... болғандықтан су жұқпайды. Тері бетіндегі жүні жануардың денеден жылуды ... қамтамасыз етеді. Қоршаған орта температурасы көтерілгенде тері асты қан тамырлары ..., іштегі жылу қанмен бірге ... келеді. | |||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||
Пәнаралық байланыс | Температураның өзгеруі, судың булануы туралы түсініктер арқылы химия, жылуды шашырату, температураның денедегі суға әсері туралы қарастыру кезінде физика пәнімен байланыс орнатылады. | |||
Алдыңғы білім | Оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметтері мен дене температурасын реттеудегі рөлі, тері сезімталдығы туралы біледі. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||
Сабақтың басы | ||||
0-4 мин | Оқушыларға майлы және майланбаған екі түрлі қағазды стақандағы суға салып, қайта алып шығып, олардағы өзгерісті салыстыру тапсырмасы ұсынылады. Майлы қағазға су жұқпайды, ал майланбаған қағазға су сіңіп кетеді. Осындай қасиет жануарларда бола ма? Жануарлардың түкті жамылғысы майлы болуы ағза үшін қандай маңызы бар деп талқылау жүргізу қажет, қай кезде бұл қасиет жануарға қажет болады, және қандай жануарларда кездеседі деп сұрауға болады. Мұғалім бұл терінің қасиеті дей келе сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына назар аудартады. | 1 -2 слайдтар
| ||
Сабақтың ортасы | ||||
4-26 мин | Оқушылардан жылықанды жануарларға мысалдар келтіру сұралады. Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, олардың дене температурасын сақтауда тері маңызды рөл атқаратынын айтады. Оқушыларға 6 түрлі станцияда қойылған ақпаратпен танысу тапсырмасы ұсынылады. 1-станция Температруаның өзгерісіне бейімделушілік 2-станция Дене температурасын реттеу жолдары 3-станция Түйенің бейімделушіліктері 4-станция Пингвиндердің бейімделушіліктері 5-станция Ақ аюдың бейімделушіліктері 6-станция Терморецепторлар Оқушылар әр жануардың дене температурасын сақтауға деген бейімделушіліктерін жазып алады. Кейбір оқушылар тері рецепторларының түрлерімен таныса алады. | 1 - қосымша 3-8 слайдтар | ||
27-36 мин | Оқушылар жазып алған ақпараттарына сүйене отырып, сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарын сыныптастарына қою арқылы тақырып мазмұны талқыланады. | 2- қосымша
| ||
Сабақтың соңы | ||||
37-40 мин | Кері байланыс «Қызық, құнды, қиын»
| 9 слайд | ||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушылар тері рецепторларының түрлерімен таныса алады. Кейбір оқушылар видеоматериалдарды қарайды Оқушыларға ойлаудың әртүрлі деңгейіндегі сұрақтар қойылады Кейбір оқушылар ақпаратта аталған ағзалардан басқа жануарлардан мысалдар келтіре алады | |||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптары арқылы Талқылаулар кезіндегі сұрақтар қою жауап берулері арқылы Сұрақ құрастырулары Сұраққа жауап берулері арқылы | |||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Станцияларды аралап ақпарат жинау кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?