Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің р-лі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Координация және реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің р-лі.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

жылықанды жануарлардың дене температураны тұрақты сақтаудағы терінің рөлін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін атайды;

Көпшілік оқушылар: терінің ағза үшін маңызын түсіндіреді;

Кейбір оқушалыр: терінің дене температурасын сақтаудағы маңызын анықтау және талдау

 Бағалау критерийлері

Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін айта алады;

Терінің ағза үшін маңызын түсіндіре алады;

Терінің дене температурасын сақтаудағы маңызын негіздей алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Жылықандылық, тері, жылуреттеушілік, адаптация, жылу беру, жылу өндіру, температура, ферменттер, метаболизм, эволюция, концентрация, эктотермді, эндотермді, гомотермді сүтқоректі.

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар құрылымдалған топтық жұмыста жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін айта алады.( оқылым, айтылым, тыңдалым , жазылым дағдылары)

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Жылықанды ................... дене .................. сақтаудағы терінің рөлі;
  • Жылықанды жануарларда..................................ағзада................... жоғары жылдамдықта жүреді;

Ағза ішкі ортаның тұрақтылығын ғана емес, ............................ (жылуын) да сақтайды.

 Құндылықтарды дарыту

  (АЖ)

Салауатты өмір салтын ұстану, тәрбиеленушілердің арасында сыйластық, ашықтық, жақсы қарым-қатынас орнату. Оқушыларды ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнінен өлшем бірліктері (температура,термометр туралы білімін пайдаланады

 Басты дағды

Сыни тұрғыдан ойлау проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік дағдылар арқылы жұптық және топтық жұмыста диалогты орнату.

Бастапқы білім

Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар) «Тері сезімталдығын зерттеу»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушылар алдымен өз дәптерлерімен жұмыс жасайды, сосын тақтаға ілінген ақпарат жүйесімен өз білімдерін пысықтайды. Барлық сыныпқа сұрақ қойылады: Тері ауруларын алдын алу ережелерін атаңдар.

ІІІ.Ой қозғау. Проблемалық сұрақ:Терінің бөліп шығарудағы рөлін сипаттап беріңіз. Ж: терморегуляция.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау, жазу

РРТ

Сабақтың ортасы

11-14 мин.

15-17мин

18-25 мин.

26-36 мин.

.

(С) «Неліктен дене температурасы тұрақты жануарлар қоршаған ортаның температуралық жағдайларына аз тәуелді?» проблемалық сұрағы қойылады, оқушылармен талқыланады, оқушылардың ойын білдіреді.

(Т) «Термореттелу» ұғымына анықтама беріледі, жазылады

(С) Оқушыларға бос орындары бар жұмыс парақтары таратылады. Ол жұмыс парақтарды оқушылар қарап шығады. Бос орындардың орнын толтыру үшін «Терінің термореттеудегі рөлі» атты бейнеролик көрсетіледі. Жауаптары жазылады. Қажет болған жағдайда екінші реті көрсетіледі. Тексеріледі, талқыланады.

(Ж) Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Мақсаты: жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролін сипаттау

Бағалау критерийлері: жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін айта алады.

Дескрипторлар: Терінің ағза үшін маңызын түсіндіре алады; терінің дене температурасын сақтаудағы маңызын негіздей алады

Тапсырма:

Берілген сөйлемдердің бос жерлеріне қажетті сөздерді жазыңыз.

Ми дененің ішкі температурасын Цельсий бағаны бойынша _______ деңгейінде сақтауы тиіс.

Денедегі ең үлкен мүше – _________________ .

Терінің салмағы мидан _____________ кг-ға артық.

Бір алақандағы тер саңылауларының саны – ___________________.

Қатты ыстықтағанда миымыз тер бездерін _____________________.

Тер булану арқылы ______________________________ көмектеседі.

Қаз терісін басқаша _________________________ деп те атайды.

Әр түктің түбіндегі ________________________ түктерді тік тұрғызу үшін жиырылады.

Түктердің тік тұруы _____________________________ көмектеседі.

Жауаптары:

Ми дененің ішкі температурасын Цельсий бағаны бойынша 370С деңгейінде сақтауы тиіс.

Денедегі ең үлкен мүше – тері

Терінің салмағы мидан 3кг-ға артық

Бір алақандағы тер саңылауларының саны – 65 000

Қатты ыстықтағанда миымыз тер бездерін қоздырады

Тер булану арқылы салқындауымызға көмектеседі

Қаз терісін басқаша түршігу деп те атайды.

Әр түктің түбіндегі ұсақ бұлшықеттер түктерді тік тұрғызу үшін жиырылады.

Түктердің тік тұруы жылу сақтауға көмектеседі

КБ: оқушыларға қажетті жерде көмек көрсетіледі.

(Ж) Оқушылар видеоны көріп, кейін жұпта бір-біріне түсіндіреді.

(С) Сабақта алынған білімді жинақтау мақсатында термореттелу туралы мәлімет схема түрінде беріледі, жазып алынады.

(Т) Жағдаяттар беріледі:

1 – топ: Адам денесінің қалыпты температурасы қанша? Қызуды төмендететін дәрілерді қандай температурдан бастап қабылдай бастау керек? Қандай температурада әлі қабылдамау керек?

Дененің оптималды температурасы - 36, 6- 37 °С, кейбіреулері үшін - 37,2°С, және 36,0°С, ол ағзаның жеке ерекшеліктерге инфекциялық аурулар кезінде ағзаның температурасының көтерілуі қорғаныш реакциясы болып табылады және адам тез жазылады, себебі 37 - 39°С температура аралықтарында микроорганизмдер өледі, бірақ температура 38°С-ден асса, адам жасушалары да жойыла бастайды. Сондықтан да қызуды төмендететін дәрілерді температура 38°С-ден жоғары болған кезде ғана қабылдау керек.

2-топ: неліктен аязда тері алдымен қызарады, сосын бозарады?

Алғашқыда, теріні жылыту үшін қан тері қантамырларына келеді, бірақ ол жеткіліксіз болғандықтан және де жылуды ағзада сақтап қалу үшін терінің қантамырлары тарыла бастайды (тері бозарады).

3- топ: Салқындау кезінде пайда болатын дірілдің биологиялық мағынасын түсіндіріңдер.

Ағзадағы түзілетін жылудың көп мөлшері қаңқа бұлшықетімен түзіледі. Суықты сезгенде біз қозғалуға тырысамыз, егер біз белгілі бір себептерге байланысты қозғалмай тұра берсек, онда бұлшықет біздің еркімізден тыс өздері дірілдей бастайды. Дірілдеп тұрған бұлшықеттің үстіндегі терінің температурасы 1,5—3 градусқа жоғары болады. Сонымен, діріл арқылы ағза дене температурасын тұрақты сақтағысы келеді.

КБ: оқушылардың жауаптарын бағалау.

РРТ

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-are-goosebumps

Жұмыс парақтары

https://bilimland.kz/kk#lesson=12765

Сабақтыңсоңы

37-40 мин.

Үйге: тақырыпты қайталау

Рефлексия:

Мен түсіндім...

Мен түсінбедім...

Маған түсінуге қиын болды...

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін атайды.

Көпшілік оқушылар: жылықанды жануарлар мен суыққанды жануарлардың айырмашылығын таба алады.

Кейбір оқушылар

терінің дене температурасын сақтаудағы маңызын анықтайды.

Сабақтың әр кезеңінде бағалау жүргізу. Топтық, жұптық жұмысты бағалау.

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін ескеремін және оқушылардың сабақтағы денсаулық жағдайларын қадағалаймын, сынып бөлмесін желдетемін.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу