Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу». Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Механорецепторлар және терморецепторлар дегеніміз не?

Механорецепторлар – механикалық тітіркенуді анықтайтын сенсорлы жасушалар, олар вибрацияны, қысымды және ауырлық күшін сезеді. Біз оларды біздің ішкі құлағымыздан табамыз, олар сол жерде дыбысты, ауырлық күшін, қимылды сезеді, сондықтан да бізге естуге және баланс сақтауға мүмкіндік береді. Олар, сонымен қатар, теріде де болады, сол арқылы біз бір затқа тигенімізді және қысымды сезе аламыз. Олар бұлшықеттің құрамында да кездеседі, онда олар кеудені тік ұстауға, қимылдауға және баланс сақтауға көмектеседі. Терморецепторлар теріде жиі кездеседі, олар температураны анықтай алады. Рецепторлардан келген ақпарат ОЖЖ-ға барып, мидың термобақылау орталықтарына хабар береді. Бұл орталықтар кейін жылу мөлшерін бақылап, ағзаның қалыпты температурасын 37°С-та сақтауға көмектеседі.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Оқушыларға ине немесе циркульмен жұмыс жасаған кезде инені көздің деңгейіне дейін көтермеу, басқаларға қарай бағыттамау, теріге әсер еткен кезде қатты баспау қажет екендігі ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылар санына байланысты зертханалық жұмысты жұпта немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Мұғалім алдымен инемен әсер етуді көрсетеді. Екі қатар тұрған инені бірдей арақашықтықтарда ұстай отырып терінің бөліктьеріне тигізіп, әсердің сезілген сезілмегенін сұрайды. Инені қатты батырып тигізуге болмайды. Екі иненің әсерін сезді ме әлде тек бір иненің әсері сезілді ме деп текесріп отырып, әсердің сезілу сандарын санайды. Инені терінің бірдей арақашықтықтарына шамамен 3-5см алыстықта тигізген жөн.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Терінің сезімталдығы ұғымына анықтама беріп, терінің не себептен сипап сезу қызметін атқаратынын түсінулеріне көңіл бөлу қажет. Оқушылардың зертханалық жұмысты орындау, кестені толтыру дағдылары, қауіпсіздікті сақтай білу, өз жұмысы мен уақытын ұйымдастыра алуына назар аударылады. Қол терісінің қолдың атқаратын қызметтеріне байланысты сезімталдығы әртүрлі деген қорытынды шығарулары маңызды.

  • Саралау тапсырмалары
  • 3-қосымшада тереңдетуге арналған ақпарат берілді. Оқушылар дененің басқа бөліктерінің сезімталдығын зерттей алады.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Зертханалық жұмыс парағын толтыруларына қарай бағаланады.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Сезу мүшелері

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/sezim-musheleri/lesson/sezu-musheleri



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу