Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу». Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Жалаңаш жүйке ұштары тек теріде ғана емес, сонымен қатар дәнекер ұлпасының барлық түрлерінде кездеседі.

Механорецепторлар:

Меркель жасушалары сипап сезу және қысым рецепторлары болып табылады. Олар эпидермисте, әсіресе, шаш жоқ жерлерде орналасқан. Негізінен, саусақтың ұшында кездесіп, жылдам түйсіну тітіркендіргіштерін әр түрлі қарқынмен қабылдайды.

Майсснер денешіктері, яғни сипап сезу денешіктері, нәзік жанасуды қабылдайды. Олар сипап сезу тітіркендіргіштерін дәл орналасуына және заттың пішінін анықтауға жауап береді. Олар қолдың, табанның, қабақтың, еріннің, емшектің және сыртқы жыныс мүшелерінің нағыз тері (дерма) дөңестерінде орналасқан.

Паччини денешіктері, яғни қатпарлы капсулалы жүйке ұштары, қысым мен тербелістің өзгерісіне жауап береді. Нәтижесінде болып жатқан деформациялар жайында хабар береді. Олар тері асты ұлпаларында, әсіресе, саусақтарда, қуық қабырғасында, буындарда көп.

Терморецепторлар:

Руффини ұштары жылу рецепторлары болып табылады. Олар көбінесе еріннің, беттің және шынтақтың терісінде орналасқан.

Краузе түйіндері суық рецепторлары болып табылады. Олар бүкіл дененің нағыз тері (дерма) дөңестерінде орналасқан. Әсіресе, ауыз қуысы мен көздің шырышты қабығында және бет пен саусақ терісінде көп кездеседі.

Басбармақ сияқты кейбір дене бөліктерінде сенсорлық нүктелері аса жиі орналасады. Сенсорлық рецепторлар – маманданған жасушалар. Олар қоршаған ортадағы кез келген өзгерісті, яғни тітіркендіргіштердің әсерін сезінеді.

Тері неғұрлым қатқыл/грубый болса соғұрлым сезімталдығы нашар болады. Ыстық от пен үшкір шегенің үстімен жалаңаяқ жүрудің себебі аяқтың табан терісінің қатқылдығын арттыруға байланысты.

Суық және жылы тітіркендіргіш ұзақ уақыт әсер етсе рецепторлар бейімделеді де сол тітіркенуге сеімталдығы төмендейді. Егер оң қолды суық суға, ал сол қолды ыстық суға салса олардың сезімталдығы төмендейді.

2-қосымша

Зертханалық жұмыс: Терінің сезімталдылығын зерттеу.

Жұмыс барысы:

  • Көрші оқушының көзін тығыз матамен байлау
  • Вебер эстезиометрі немесе ұшы мұқалған екі ине, циркуль инесі мен оның қарындашының орнына орнатылған инені пайдаланып, қолдың әртүрлі бөліктеріне бірдей арақашықтарда тигізу. Қатты баспау қажет!
  • Әрбір сезілген ине әсерін санау. Белгілі арақашықтықта оқушы екі инені тигізудің бірін ғана сезінуі мүмкін!
  • Ине тигізуді санап кестеге толтыру.

Білезік маңайы

Нүктелер арақашықтығы (мм)

Саны

Нүктелердің жалпы саны

Сезілді

Тактильды сезімталдықтың саны

Сезілмеді

Бірінші реттен

Алақан

 

 

 

 

 

 

 

Білек

 

 

 

 

 

 

 

Қолдың сырт жағы

 

 

 

 

 

 

 

Саусақ ұштары

 

 

 

 

 

 

 

Қол терісінің қай бөлігінде тері сезімталдығы жоғары екені байқалды? Бұның себебі неде?

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қол бөліктері

Сезілген тигізу нүктелер арасындағы арақашықтық / см

1

Қолдың сырты

Алақан

Білек терісі

Саусақ ұштары

3- қосымша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу