Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу». Биология, 8 сынып, презентация.
Көзіңізді жұмып қолыңыздағы заттарды сипаттап көріңіз
Сабақтың тақырыбы:
Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу»
Сабақтың мақсаты:
Тері сезімталдығын зерттеу
Бағалау критерийлері:
Білек пен алақан, саусақ терісіндегі сезгіш рецепторлардың орналасу жиілігін салыстырады
Тері рецепторлары
Тері рецепторлары
Тактильді сезімталдық - теріге әртүрлі механикалық стимулдардың әсерінен қоршаған ортаны тану тәсілі
Сипап-сезу
Батыру-сығу, яғни қысымды сезу
Діріл
Рецептор-сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері. Экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді.
Сыртқы рецептор (экстерорецепторлар) - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді.
Тітіргендіргіш - әр түрлі заттардың денеге әсері (ине, ыстық,суық,қатты дыбыс)
Терморецепторлар — терідігі жылу мен суықты сезеді.
Ноцицептор — ауырсынуды сезеді.
Механорецептор - терідегі механикалық озгерісті қабылдайды.
Механорецепторлар:
Меркель жасушалары сипап сезу және қысым рецепторлары болып табылады. Олар эпидермисте, әсіресе, шаш жоқ жерлерде орналасқан. Негізінен, саусақтың ұшында кездесіп, жылдам түйсіну тітіркендіргіштерін әр түрлі қарқынмен қабылдайды.
Майсснер денешіктері, яғни сипап сезу денешіктері, нәзік жанасуды қабылдайды. Олар сипап сезу тітіркендіргіштерін дәл орналасуына және заттың пішінін анықтауға жауап береді. Олар қолдың, табанның, қабақтың, еріннің, емшектің және сыртқы жыныс мүшелерінің нағыз тері дөңестерінде орналасқан.
Паччини денешіктері, яғни қатпарлы капсулалы жүйке ұштары, қысым мен тербелістің өзгерісіне жауап береді. Нәтижесінде болып жатқан деформациялар жайында хабар береді. Олар тері асты ұлпаларында, әсіресе, саусақтарда, қуық қабырғасында, буындарда көп.
Терморецепторлар:
Руффини ұштары жылу рецепторлары болып табылады. Олар көбінесе еріннің, беттің және шынтақтың терісінде орналасқан.
Краузе түйіндері суық рецепторлары болып табылады. Олар бүкіл дененің нағыз тері (дерма) дөңестерінде орналасқан. Әсіресе, ауыз қуысы мен көздің шырышты қабығында және бет пен саусақ терісінде көп кездеседі.
Нысана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?