Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Ішкі секреция бездерінің гормондарының бөліну мөлшеріне байланысты бездің гиперфункциясы мен гипофункциясын ажыратады. Егерде без жұмысы шамадан артып кетсе гиперфункция дейміз, мысалы, инсулин гормонының тым көп бөлінуі инсулиндік шокқа әкелетін болса, инсулин жетіспеушілік қант диабетіне әкеледі.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Биология кабинетіндегі жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ете білулеріне назар аударылады.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Ақпарат көлемі ауқымды болғандықтан сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастыралады. Шағын топтарда жұптық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың қалқанша безі мен ұйқы безі жұмысының бұзылу себептері, белгілері мен алдын алу жолдарын микседема, кретинизм, Базедов аурулары мен қант диабеті мысалында түсіндіре алуына назар аударылады.
- Саралау тапсырмалары
- Онлайн тапсырмаларды орындау ұсынылады
3-қосымшада тапсырма, 4-қосымшада қосымша ақпарат ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Аурулардың атаулары | Белгілері | Алдын алу шаралары |
Қант диабеті | адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды | Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет.
|
Бақшаңкөз | Ауру адам сөзшең болады және үнемі асығып жүреді, қолы қалтырап жаза алмайды, тіпті түймелерін ағытып, түймелеудің өзі де қиын болады. Ауру адам ыстықты көтере алмайды, тершең болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынғаңда екі көзі ұясынаң шығып бадырайып тұрады, кірпігі сирек қағылады, көру жанары өзгеріп, әйнектей жалтырап тұрады. | Йод қабылдау |
Кретинизм | Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. | Тироксин гормонын қосымша қабылдау арқылы дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады. |
Микседема | 1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, терінің беті құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді. 6) Адам енжар болып ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. | Йод, тироксин гормонын қабылдау |
Эндемиялық зоб | ағзаға йод жетіспесе көбірек тироксин бөлу үшін без мөлшерін ұлғайтады | Йодт ыжеткілікті мөлшерде қабылдау |
Бағалау критерийлері |
туындау себептері белгілері салдары алдын алу шараларын түсіндіреді |
- Сілтемелер мен ресурстар
Бақшаң көз ауруы
Микседема және кретинизм
Өсу гормонының рөлі
Инсулинге тәуелдi диабет
Инсулинге тәуелдi емес диабет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?