Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.7 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау

 Сабақтың мақсаттары

  • Бездердің жұмысының бұзылуынан туындаған гипофункциясы мен гиперфункцияның маңызын ашу;
  • қалқанша безі жұмысының бұзылуының салдарын сипаттау
  • қант диабеті
  • микседемеа
  • кретинизм
  • Базедов ауруының себептері, белгілері және алдын алу жолдарын түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • қалқанша безі мен ұйқы безі жұмысының бұзылу себептерін түсіндіреді
  • микседема, кретинизм, Базедов аурулары мен қант диабетінің

туындау себептері

белгілері

салдары

алдын алу шараларын түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

эндокриндік бездердің гормондарының ауытқуынан туындайтын ауруларды себептері мен белгілерін атап, алдын алу шараларын ғылыми терминологияны қолдана отырып сипаттай алады.

Бездердің гипофункциясы мен гиперфункциясын сипаттай алады.

Ұйқы без мен қалқанша безінің қызметінің бұзылуынан туындаған аурулардың себептері мен белгілері, алдын алу шараларын ауызша жазбаша түрде сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Инсулин, тироксин, гипофункция, гиперфункция, ұйқы безі, қалқанша безі, тироксин, йод, кретинизм, Базедов ауруы, микседема, акромегалия, қант диабеті.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер өсу гормоны көп мөлшерде бөлінсе....

Қалқанша безінің гормоны …бөлінсе микседема дамиды.

Ұйқы безінің гормоны …бөлінсе қант диабеті дамиды.

Ұйқы безінің гормоны …бөлінсе инсулиндік шок дамиды.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Әдеби шығармалардағы гормоналдық ауруларды сипаттау арқылы әдебиет пәнімен, гормоналдық аурулармен ауырған ұлы адамдар туралы ақпаратттар арқылы тарих пәнімен байланыс орнатылады.

Гормоналдық аурулар кезінде жетіспейтін химиялық заттардың түрлері туралы қарастырғанда химия пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

8-сыныптан гормондар, гуморалдық реттелу туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылардан ішкі секреция бездерін суреттен атап, олардың гормонын атап жарысу тапсырмасын орындау сұралады.

Осы тапсырмадан соң егерде бездердің гормондары тым көп немесе өте аз бөлінсе не болады, оның ағзаға әсері қанай деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылардан аурулар туралы нені білу маңызды деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-26 мин

Оқушыларға әртүрлі ауытқулар туралы видеоматериалдар мен ақпараттық парақтар, таныстырлымдағы суреттер ұсынылады.

Оқушылардан ұйқы безі қызметінің ауытқуынан туындайтын аурулар мен қалқанша бездің гиперфункциясы мен гипофункциясы туралы зерттеу жүргізу сұралады.

Ауытқудың 3 түріне 3 үлкен постер жасалады. Оқушылар жұпта жұмыс істеп, постерге ең маңызды деген бір ақпараттан кзекпен толтырып жазып отырады. Келесі жұп постерді жаңа ақпаратпен толықтырады. Осылайша үш түрлі постер жасалады. Постерлер галереяга орналастырып, сынып оқушылары толығымен танысады.

Постерге қойылатын талаптар:

  •  Аурудың атауы
  • Сипаттамасы
  • Себептері
  • Белгілері
  • Алдын алу жолдары
  •  Ауру белгілері анық байқалатын суреттер.

Критерийлер:

  • қалқанша безі мен ұйқы безі жұмысының бұзылу себептерін түсіндіреді
  • микседема, кретинизм, Базедов аурулары мен қант диабетінің

туындау себептері

белгілері

салдары

алдын алу шараларын түсіндіреді

1 - қосымша

3-16 слайдтар

27-36 мин

Оқушылардан қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау сұралады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

  • Сабақта қызықты болған 1 мәселе
  • Аса құнды 1 ақпарат
  • Тағы да қарауды қажет ететін мәселе

17 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың өздігінен ақпарат жинауы барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпараттар табу ұсынылады. Мысалы, инсулин туралы кітапша жасап болған жұптар глюкагон туралы өз ойларын қоса алады.

Саралау қосымша тапсырма орындау, көмек мөлшері арқылы іске асырылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Сабақта жұмыс парағында жасалып жатқан жұмыс бағаланады.

Жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауға мұғалім кері байланыс жасайды.

Қиындық көріп отырған оқушыларды анықтап, көмек ұсынады.

Оқушылардың жасаған постер галереяға ілініп, бағаланады.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Оқушылардың еркін жұмыс жасауына жағдай жасалады. Галереяны аралау барысында еркін қозғалуына мүмкіндік беріледі.

Оқушылардың сабақ барысында қауіпсіздігінің сақталуына мұғалім көңіл бөліп, қажет болған жағдайда ескертедіСабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу