Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
Қалқанша безінің қызметіндегі бұзылулар:
Қалқанша безі тироксин гомонын бөледі.Тироксин гормоны түзілу үшін йод қажет. Егер де ағзаға йод жетіспесе көбірек тироксин бөлу үшін без мөлшерін ұлғайтады. Онда эндомиялық зоб ауруы дамиды. Кейде йод жетіспегеннен тироксиннің түзілуі кеміп, ағзада әртүрлі ауытқулар қалыптасады. Балаларда кретинизм дамиды. Ересек адамда микседема, Базедов ауруы дамиды. Қалқанша безінің гормондарының жетіспеуінен ағзадағы зат алмасу бұзылады, адамның қлыпты тіршілік етуі мүмкін болмайды. Йодтың қажетті мөлшері күнделікті аспен бірге ағзаға түсуі маңызды. Ас тұзы, ашытқы сияқты өнімдерге арнайы йод қосылады. Йодтың қанға өтуі үшін оның температуралық өңделуден өтпеген болуы маңызды. Мысалы, тұз құрамындағы йодтың ағзаға сіңірілуі үшін, ас тұзын тамаққа піскеннен кейін, яғни ішер алдында ғана қосу дұрыс!
Базедов ауруы – бұл ауру көбінесе қайғы - қасіреттен кейін басталады. Адам ашушаң, өкпелегіш келеді, ұйқысы қашады, жүрегі шаншып ауырады. Мұндай адамның жүрегі минутына 100— 150 рет соғады. Қол-аяқтары дәрменсізденеді, бұлшық еттері талып, тез шаршайды.
Базедов ауруында жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Ауру адам сөзшең болады және үнемі асығып жүреді, қолы қалтырап жаза алмайды, тіпті түймелерін ағытып, түймелеудің өзі де қиын болады. Ауру адам ыстықты көтере алмайды, тершең болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынғаңда екі көзі ұясынаң шығып бадырайып тұрады, кірпігі сирек қағылады, көру жанары өзгеріп, әйнектей жалтырап тұрады.
Кретинизм – меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Тироксин гормонын қосымша қабылдау арқылы дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.
Микседема - Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Аурудың себебі тироксиннің түзілуі үшін қажет йодтың жетіспеушілігі.
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, терінің беті құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
6) Адам енжар болып ойлауы мен сөйлеуі баяулайды.
Өмір бойы жасанды тироксин қабылдауға мәжбүр болады.
Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады.
Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады.
Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қант диабетінің белгілері:1. Тіл құрғауы2. Шөлдеу3. Зәрдің көп бөлінуі4. Арықтау5. Дене қышымасы6. Әлсіздік7. Көздің көруінің нашарлауы8. Тіс босауы
Қант диабетін тудыратын себептері:1. Инсулиннің түзелуін бұзатын генетикалық себептер 2. Жасушалардың инсулин түзуден қажуы3. Инсулиннің нәруыздармен мөлшерден тыс байланысуы 4. Ұлпалардың инсулинге сезімталдығының күрт төмендеуі5. Инсулинді ыдырататын гормондардың артуы
6. Қантқа тез айналатын көмірсуы бар тағамдарды шектен тыс пайдалану
2-қосымша
Кестені толтырыңыз
Аурулардың атаулары | Белгілері | Алдын алу шаралары |
Қант диабеті | ||
Бақшаңкөз | ||
Кретинизм | ||
Микседема | ||
Эндемиялық зоб |
Бағалау критерийлері |
туындау себептері белгілері салдары алдын алу шараларын түсіндіреді |
3- қосымша
Сөздікті пайдаланып ағылшын тілінде шағын сөйлемдер құрастырыңыз.
ішкі секреция бездері- endocrine gland
сыртқы секреция бездері- exocrine gland
аралас бездер- mixed gallbladder
тер бездері- sweat gutter
сілекей бездері-salivary gland,
ұйқы безі- pancreas,
бөліп шығару- secretion
4-қосымша
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байқалады. Аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (грекше «akros» – аяқ-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей қалады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100–120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (грекше «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын – гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Гипофиздің жұмысын реттеу үшін (бойы нашар өсетін балалар) өсу гормонын жасанды түрде ағзаға жіберсе, 6 айда 5–6 см өседі. Аласа бойлы адамдардың бойлары 38 см-ден 1 метрге дейін өскені анықталған.
Гипофиздің артқы бөлігі зақымданса, бүйректің жұмысы бұзылады. Денеден тәулігіне өте көп мөлшерде зәр бөлінеді.
Ескерту: спортпен шұғылданып, денесі әбден шыныққан, бойлары 2 м жететін адамдар бар. Бұларда гипофиз гормоны қалыпты мөлшерде бөлінген. Тек шынығудың арқасында сүйектері жақсы дамыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?