Бездердің қызметтері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бездердің қызметтері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.7.6 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қалқанша безі мен ұйқы безінің жұмысын кезең кезеңімен тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Бездердің әртүрлі жағдайлардағы қызмет әрекеттерін түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тироксин, инсулин, глюкагон, ұйқы безі, қалқанша безі, глюкоза мөлшері, гликоген Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қандағы глюкоза мөлшері артқанда...бөлінеді. Қанда глюкоза мөлшері жеткіліксіз болғанда ...бөлінеді. Инсулин ...затын ...затына айналдырады. Глюкагон ...затын ...затына айналдырады. Тироксин құрамында...болады. Тироксин...безінен бөлінеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Гормондардың химиялық табиғаты және ағзадағы мөлшерін реттейтін заттардың түрлері туралы қарастырған кезде химия пәнінен алған білімдерін қолданады. | |||||
Алдыңғы білім | Гормон, гуморалдық реттелу, экзокриндік, эндокриндік және аралас бездер туралы, дене температурасының реттелу жолдары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға: Ағзаның ішкі ортасында нені реттеу қажет? Сұрағы қойылады. Оқушылар температура, су мөлшері, қант деңгейі, тұздар балансы деп жауап берген кезде олардың реттелуі қалай жүреді деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылардан бездердің жұмысы туралы қандай білім қажет деп сұрай келе сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім қалқанша безі мен ұйқы безінің жұмысы туралы шағын ақпарат береді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1-топ: Қалқанша безінің жұмысы 2-топ: Ұйқы безінің жұмысы Оқушылар қалқанша безі мен ұйқы безі туралы ақпараттар, видеоматериалдарды пайдалана отырып қалқанша безі мен ұйқы бездерінің инсулин, тироксин гормондарының ағзадағы жұмысын көрсететін комикс кітапшасын жасайды. Оқушы санына байланысты бірнеше топ болуы мүмкін. Ондай жағдайда 2-3 топ ұйқы безінің, 2-3 топ қалқанша безінің жұмысын түсіндіреді. Кейбір оқушылар гипофиз, бүйрекүсті бездері туралы ақпаратпен танысып өз білімдерін тереңдете алады. Кейбір оқушылар жеке жұмыс жасап, постер, кластер құра алады. Мұғалім әр топтың жұмысына тиісті кері байланыс ұсынады. | 1 - қосымша 3-9 слайдтар | ||||
17-27 мин | Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныпқа таныстырады. 1-2 топтың жұмысы тыңдалып, қалған топтар тек жаңа ақпаратты қосып отырады. | |||||
27-36 мин | Оқушылардан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады. | 3- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Түсінікті болған1 мәселе Түсініксіз болып қалған 1 мәселе Көбірек білгіңіз келетін 1 мәселе | 10 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларды ресурстың әртүрлі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы Оқушыларға өз қалаулары бойынша зерттеу нәтижелерін көрсету мүмкіндігін беру арқылы Оқушыларға өз білімдерін тередету үшін қосымша ақпарат табу мүмкіндігін беру арқылы Қосымша тапсырмалар орындаулары арқылы 8-9 слайдтарда берілген сұрақтарға жауап бере алады 4-қосымшадағы тапсырманы орындай алады 2-қосымшадағы қосымша ақпартпен таныса алады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жазбаша жауаптары арқылы Зерттеу жүргізу барысындағы талқылаулары арқылы Таныстырылым кезіндегі түсіндірмелері арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?