Бездердің қызметтері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
1. Берілген сызбадан 5 безді атаңыз.
1............................................2...............................................
3.............................................4...............................................
5............................................6...........................................
7...........................................8...............................................
2. Бездерді топтастырыңыз
Эндокриндік бездер..............................................
Экзокриндік бездер:..............................................
Аралас бездер........................................................
2-қосымша
Қалқанша безі барлық омыртқалы жануарлардағы ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан. Бездің шырышты затында тироксин гормоны, ал онда йод болады.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Ұйқы безінің құрылысы: ұйқы безі бозғылдау қызғылт түсті, қарынның астына таман орналасады. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.
Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны көбірек бөлінеді. Қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді.
Қызметі: инсулин – қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6–6,7 миллимоль/л. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.
Ұйқы безінен бөлінетін екінші гормон – глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.
3-қосымша
Гипофиз аралық мидың жағында жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі.
1) Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді;
5) бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті – меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон бөлінеді. Окситоцин жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі вазопрессин (АДГ) ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.
Бүйрекүсті безі
Адреналин:
- Тері, және сілемейлі қабаттардың және құрсақ қуысындағы қан тамырларын тарылтады
- Артериальды қысымды көтереді
- Жүректің соғуын күшейтеді
- Бронхылар мен ішектердің біріңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады
- Қандағы глюкозаның мөлшерін арттырып, ұлпалық алмасуды күшейтеді
Норадреналин:
- Қан тамырларын тарылту әсері күштірек
- Жүректің соғуын жиілету әсері әлсіздеу
- Артериалық қысымды реттеуге қатысады
4- қосымша
1-тапсырма. Берілген сызбада бездің белгіленген әріптері мен атауларына сай бірдей түспен безді бояңыз
Гипофиз | A | Қалқанша маңы безі | E | Бүйрек үсті безі | J | |
Гипоталамус | B | Тимус | F | Аналық без | M | |
Эпифиз | C | Ұйқы безі | I | Аталық без | L | |
Қалқанша без | D |
|
2-тапсырма. Кестеде бездің бөлетін гормонын жазып, атқаратын қызметін сипаттаңыз.
Бездер | гормоны | Атқаратын қызметі |
Гипофиз | ...................................................................................................................................................................................................................................... | |
Қалқанша безі | ........................................................................................................................................................................................................................................ | |
Қалқанша маңы | ........................................................................................................................................................................................................................................... | |
Ұйқы безі | .......................................................................................................................................................................................................................................... | |
Бүйрек үсті безі | ............................................................................................................................................................................................................................................ |
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
Қалқанша безі мен ұйқы безі мысалында ішкі секреция бездерінің жұмысын түсіндіреді |
|
5-қосымша
гормондар | hormones | ұйқы безі | pancreas gland |
эндокриндік бездер | endocrine glands | өт жолы | bile duct |
экзокриндік бездер | exocrine glands | ұйқы безінің жолы | pancreatic duct gland |
аралас бездер | mixed glands | түр | type |
тер безі | sweat gland | секреция | secretion |
өт қалтасы | gall bladder | бөліп шығару | secrete |
сілекей безі | salivary gland | өзек | duct |
бүйрекүсті безі | adrenal gland | тікелей ішінде | directly into |
нысана мүше | Target organ |
Бездерді ағылшын тілінде атаңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?