Бездердің қызметтері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бездердің қызметтері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.7.6 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қалқанша безі мен ұйқы безінің жұмысын кезең кезеңімен тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Бездердің әртүрлі жағдайлардағы қызмет әрекеттерін түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тироксин, инсулин, глюкагон, ұйқы безі, қалқанша безі, глюкоза мөлшері, гликоген Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қандағы глюкоза мөлшері артқанда...бөлінеді. Қанда глюкоза мөлшері жеткіліксіз болғанда ...бөлінеді. Инсулин ...затын ...затына айналдырады. Глюкагон ...затын ...затына айналдырады. Тироксин құрамында...болады. Тироксин...безінен бөлінеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Гормондардың химиялық табиғаты және ағзадағы мөлшерін реттейтін заттардың түрлері туралы қарастырған кезде химия пәнінен алған білімдерін қолданады. | |||||
Алдыңғы білім | Гормон, гуморалдық реттелу, экзокриндік, эндокриндік және аралас бездер туралы, дене температурасының реттелу жолдары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға алдыңғы сабақта өтілген ақпаратты қайталау мақсатында шағын тапсырма орындау ұсынылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң оқушылардан бездер қалай жұмыс жасайды? Олардың өз қызметтерін атқаруы туралы білесіздер ме деп сұрай отырып сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталып бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайдтар 1-қосымша | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім қалқанша безі мен ұйқы безінің жұмысы туралы шағын ақпарат береді. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, қалқанша безі мен ұйқы безінің жұмысын зерттейді. Оқушылар топтары екі бездің әртүрлі жағдайлардағы жұмысының алгоритмін құрады. Мысалы, адам тамақтанғаннан соң (қанда глюкоза мөлшері артқан кез деген сөз) Адам ұзақ уақыт бойы жұмыс жасағаннан соң (қандағы глюкоза мөлшері кемміген кез) Ұйқы безі осы екі жағдайда қалай жұмыс жасайтыны сызба түрінде рет-ретімен көрсетіледі. Мысалы, қанда глюкоза мөлшері артқанда: глюкоза мөлшерінің артуы туралы арнайы сигнал миға барады- мидан ұйқы безіне жетеді-ұйқы безі инсулинді бөледі-инсулин бауыр жасушаларына келеді-инсулиннен глюкозаны гликогенге айналдыр деген ақпаратты бауыр жасушалары алады-бауыр жасушалары глюкозаны гликогенге айналдырады-гликоген бауырда қорға жиналады-қандағы глюкоза мөлшері қалпына келеді. | 3-9 слайдтар 2 - қосымша
| ||||
17-27 мин | Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныпқа таныстырады. 1-2 топтың жұмысы тыңдалып, қалған топтар тек жаңа ақпаратты қосып отырады. | |||||
27-36 мин | Оқушылардан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады. | 4- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Сыныптастарыңызға түсіндіре алатын 1 мәселе Сыныптастардың көмегі қажет 1 мәселе Қосымша сабақта қарастырғыңыз келетін 1 мәселе | 10 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларды ресурстың әртүрлі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы Оқушыларға өз қалаулары бойынша зерттеу нәтижелерін көрсету мүмкіндігін беру арқылы Оқушыларға өз білімдерін тередету үшін қосымша ақпарат табу мүмкіндігін беру арқылы Қосымша тапсырмалар орындаулары арқылы 8-9 слайдтарда берілген сұрақтарға жауап бере алады 5-қосымшадағы тапсырманы орындай алады 3-қосымшадағы қосымша ақпартпен таныса алады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жазбаша жауаптары арқылы Зерттеу жүргізу барысындағы талқылаулары арқылы Таныстырылым кезіндегі түсіндірмелері арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?