Құлақтың құрылысы, естудің маңызы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Есту мүшесінің құрылысы
https://kazmedic.org/archives/5086 - есту мүшесінің жас ерекшелігіне қарай дамуы.
Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.
Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.
- Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
- Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
- Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынынкабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Есту қабілетін анқтаған кезде оқушылардың жеке бас қауіпсіздігін сақтауына көңіл бөлу қажет. Оқушылардың тәжірибелерді орындаулары кезінде сызғышты абайлап қолдану, көзге қарай бағыттамаулары ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасын қарастырғаннан соң есту қабілетінің ерекшеліктерін анықтау жұмысы ұйымдастырылады. Ортаға зерттеу үшін оқушылар өз қалауы бойынша шақырылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдеріне жататын құрылымдарды, олардың қызметтерін, олардың жұмысына әсер етіп зақым келуден сақтау жолдарын білу маңызды. Оқушылардың құлақ арқылы дыбыстың өту жолын түсіндіре алуларына назар аударылады.
- Саралау тапсырмалары
- 5-қосымшада ұсынылды
- Онлайн тапсырмаға сілтеме
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма. Дыбыстың құлақ арқылы өту жолы:
Дыбыс толқыны → дабыл жарғағының тербелісі → есту сүйекшелерінің тербелісі → ұлулы денедегі сұйықтықтың тербелісі → есту рецепторының тітіркенуі → жүйке импульстарының пайда болуы.
2-тапсырма.
- Дыбыстың қаттылығынынан дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымында айырмашылықтың туындауы. Бірнеше рет жұтыну.
- Сыртқы құлақтың дыбыс жолына бөлінетін сілемеймен шаң тозаң қосылып құлықтың түзілуі. Арнайы маманға барып тазалату.
- Отит ауыруы. Дәрігер көмегіне жүгіну.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
|
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Құлақтың құрылысы
Дыбыстарды қабылдау
Адамдардағы есту диапазоны
Есту қабілеті және шу
Біз қалай естиміз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?