Көздің құрылысы, көрудің маңызы. «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу». Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары арқылы (рецепторлар) қабылдайды.

 Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-асқазан, қантамырлары және т .б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.

 Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ – тек дыбысты, көз – тек жарықты және т. б.

 Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырату қабілеті жоғалады (жойылады).

Көру мүшесінің құрылысы

Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Көру мүшесі – біздің көзіміз.

Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде  фотоаппаратқа   ұқсас,  бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол көз ағы деп аталады.

Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. тамырлы қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диафрагмалар.Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торлы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.

Тамырлы қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай дөңес линза. Көз бұршағы алыс заттарды қарағанда жіңішкеріп, жақындағы заттард қарағанда дөңестеніп өзінің қисықтығын өзгертіп отырады. Осы құбылысты аккомодация деп атайды. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен — шыны тәрізді денемен толған.

Көз « объективі » — фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз.   

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Көру жітілігін анықтау кезінде көзді қатты баспау ескертіледі. Көру шегін анықтаған кезде абай болу, әр оқушының жеке бас қауіпсіздігін сақтаулары маңызды.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақта қарастырылатын ақпарат пен жұмыс ауқымды болғандықтан оқушылардың белсенді жұмыс жасауына жағдай туғызу қажет. Көздің құрылысы мен маңызы және көрудің гигиенасы туралы теориялық бөлімді оқушылармен бірге әртүрлі ақпарат көздерімен танысып, бірге талқылау түрінде жүргізу қолайлы. Көздің моделін пайдаланып, әр бөлігін атап, қызметін түсіндіруге болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың көздің құрылысы, көрудің маңызы, көздің күтімі туралы білулері маңызды. Оқушылардың көру жітілігі мен көрудің шегін анықтау дағдылары дамытылады. Көру шегі мен көру жітілігінің маңызын түсінулеріне назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары
  • 4-қосымшада ұсынылды
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Көз арқылы жарықтың өту жолы: Қасаң қабық-қарашық-алдыңғы камера-көз бұршағы-шыны тәрізді дене-торлы қабат-сары дақ-рецептор-көру жүйкесі.

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар:

Көру мүшесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады;

  • Көру мүшесінің құрылым бөліктерін суретте көрсетіп атайды
  • Көз арқылы жарықтың өту жолын сызбаға түсіреді
  • Сілтемелер мен ресурстар

Біз қалай көреміз. 1-бөлім: Көз

https://twig-bilim.kz/kz/film/how-we-see-part-1-eyes

Астигматизм, сығырлық және қырақтылық

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/sezim-musheleri/lesson/alystan-kormeushilik-zhane-zhaqynnan-kormeushilik



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу