Қаңқа бұлшықеттің құрылысы мен қызметі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақжоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2B Бұлшықеттер | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қаңқа бұлшықеттің құрылысы мен қызметі | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | бұлшықеттердің құрылысы мен қаңқа бұлшықеттерінің орналасуын сипаттау | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: барынша қарапайым сөздермен бұлшықет ұлпаларын сипаттай алады. Оқушылардың көпшілігі: көлденең жолақты және тегіс арасындағы айырмашылықтарды түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: оқушылар бұлшықет ұлпа түрлерін құрылысы бойынша нақтылап, салыстыра алады арасындағы айырмашылықты біледі | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | бұлшықеттердің түрлерін атайды; бұлшықет қызметтерін біледі; қаңқа бұлшықет компоненттері және олардың орналасуын сипаттайды | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Бұлшықет, миофибрилла, актин нәруызы, миозин нәруызы, миокард, талшық Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Біріңғай салалы бұлшықет ұлпасы..................... мүшелер қалыптасқан . Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы................... қалыптасқан. Адам еркіне сай жиырылатын бұлшықет ұлпасы ................ аталады. Ядролары шетінде орналасқан бұлшықет ұлпасының атауы ........................... | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту (АЖ) | Сабақ барысында оқушылардың құзіреттілігін дамыту мақсатында білімге деген құштарлық құндылықтарын қарастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия пәнімен бұлшықеттердің жиырылып босаңсуындағы кальцийдің ролін айту. Пәнішілілік байланыс қанның ұюы кезіндегі кальцийдің маңыздылығына тоқтау. Физика пәнімен байланыс бұлшықеттер арқылы импульстардың өтуі. | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсендітақта, флипчарт, ғаламтор, тапсырмалар, бейнекөріністер | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Жаратылыстану» курсынан қозғалыс тірі ағзаға тән қасиет екенін біледі. Олар омыртқалылар мен омыртқасыздарда тірек-қимыл мүшелерін салыстыра алуы, қаңқалардың сипаттық ерекшеліктерін сипаттай алуы және 7-сыныптың «Қимыл» бөлімі бойынша 7-сыныптың материалынан адам қаңқасының негізгі бөлімдерін анықтай алуы тиіс. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін бұлшықет түрлерін көрсету. Ой қозғау Бұлшықеттің адам ағзасында қандай маңызы бар? Жауабы:
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (С) 1. Мұғалім топтық жұмыс туралы нұсқау береді. (Т) 2. Мұғлім топтағы жұмысты ұйымдастырады (тірек конспектісін немесе постер жасау). Әр топ сағат тілі бойынша келесі топтарды тексеріп, стикерлерге өздерінің постерлер немесе тірек конспектісі бойынша ойларын жазады. Топтық жұмыс аяқталған соң бүкіл сыныппен қорытындыланады. Топтарға тапсырма: 1.Бұлшықет түрлері, олардың орналасуы 2.Бұлшықет талшығының құрылысы. 3.Бұлшықеттердің қызметтері. Топтар дайындық жасаған соң, қорғау жұмыстарын бастап кетеді. Адамның бұлшық еттері құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты 3 түрге бөлінеді: 1.Қаңқа (көлденең жолақты) бұлшықет ұлпасы; 2.Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы; 3.Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы.
Бұлшықеттің микроскопиялық құрылысы: Бұлшықет = жұқа дәнекер қабықшасы (фасция) + бұлшықет шоғы + қан тамырлар + жүйкелер + сіңір. Шандыр (фасция) — бұлшық еттіңдәнекерұлпалық жұқа қабығы. Сіңір — бұлшық еттерді қанқа сүйектеріне бекітетін бұлшық ет бөлігі. Бұлшықет талшығы-түрөзгерген бұлшықет жасушасы. Оның ішінде жіңішке жіпшелер бар- миофибриллалар және ядро өте көп болады. Миофибриллалар жиырылғыш белоктардан тұрады, олар актин (жіңішке талшықты түзеді ) және миозин( жуан талшықты түзеді) болып келеді. Микроскоп астындағы көлденең кесіндісінде миофибрилланың жуан және жіңішке жіпшелері қара және ашық сызықтар ретінде көрінеді. Осыдан олардың аттары шыққан көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті. Қаңқа бұлшықеттері келесі қызметтерді атқарады: I) Кеңістікте дененің және оның бөліктерінің қалпын сақтап тұруға көмектеседі; 2) Дененің орнын ауыстыруын қамтамасыз етеді (жүгіру, жүру және қозғалыстың басқа түрлері); 3) Дене бөліктерінің орнын ауыстырады; 4) Тыныс алу және жұту қозғалыстарын қамтамасыз етеді; 5) Сөйлеуге және мимиканың қалыптасуына қатысады; 6) Жылу өндіреді; 7) Химиялық энергияны механикалық энергияға түрлендіреді. (Ж) Тапсырма:
| Маркерлер, ақ қағаздар, таратпа материалдар https://twig-bilim.kz/film/cardiac-and-smooth-muscles-5321/ | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: « + » - білемін « - » - білмеймін « ! » - мен үшін жаңалық « ? » - мен таңқалдым Үйге:«Бұлшеқеттер түрлері» қайталау | |||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: бұлшықеттердің қызметтері жайлыбіледі; Оқушылардың көбі: бұлшықет түрлерін ажырата алады Кейбір оқушылар: Бұлшықет орналасуын және түрлерін сипаттай алады | Оқушылардың бағалауы сабақтың барлық кезеңдерінде жүреді, яғни жеке, жұптық жұмыс арқылы. Оқушылардың қабілеттері сұрақтар арқылы барлық сабақ кезеңдерінде бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың көңілдерін көтеріп отыру, мадақтау сөздерін пайдалану. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?